ТОЛ-ПЕСТИЦИДТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ФИТОРЕМЕДИАНТ: MISCANTHUS SINENSIS ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӨСІМДІК
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.012Кілттік сөздер:
энергетикалық өсімдік, Miscanthus sinensis, өнімділік, фотосинтез, фиторемедиация, топырақ, ТОЛ-пестицидтерАннотация
Қазақстан және басқа да көптеген елдерде ауыл шаруашылық инфрақұрылымының ыдырауына байланысты өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттарды сақтайтын қоймалар, сондай-ақ оларда сақталатын препараттардың қалдықтары жеке меншікке өтті немесе иесіз болып қалды. Заңнамалық актілерге және халықаралық конвенцияларға қарамастан, ескірген пестицидтер, оның ішінде тұрақты органикалық ластаушы заттардың (ТОЛ) мәселесі толық шешілмеген. ТОЛ-пестицидтерімен ластанған аумақтарды қалпына келтіру шаралары шектеулі, сондықтан фитотехнология өзінің экологиялық тазалығы мен күрделі қаржы жұмсалымының болдырмауына байланысты болашағы зор технология болып табылады. Технологияның маңызды кезеңдерінің бірі - пестицидтерді жинақтап, аз уытты қосылыстарға айналдыра алатын жаңа өсімдік түрлерін табу. Мақалада ТОЛ-пестицидтерімен ластанған топырақты қалпына келтіру үшін жаңа дақыл ретінде Miscanthus sinensis Anderson (M. sinensis) энергетикалық дақылының потенциалы қарастырылды. Эксперименттік жоба ТОЛ-пестицидтерімен (2.4-ДДД, 4.4-ДДД, 4.4-ДДЕ, 4.4-ДДТ, α-ГХЦГ, β-ГХЦГ, γ-ГХЦГ және δ-ГХЦГ) ластанған топырақта M. sinensis-ті өсіруді қамтиды. Вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін биомассаның өнімділігі, физиологиялық параметрлері және фиторемедиациялық потенциалы бағаланды. Алынған нәтижелер бойынша ТОЛ-пестицидтер M. sinensis-тің өнімділігімен физиологиялық көрсеткіштерге: жер үсті биомассасының мен хлорофилл пигментерінің құрамы төмендеуі, 23 және 37%-ге дейін сәйкесінше, тамыр жүйесінің биомассасы 17%-ға дейін өскенін көрсетті. Өсімдік ТОЛ-пестицидтермен ластануға төзімділігін көрсетті, төзімділік индексі 0.99 құрады. Фиторемедиация көрсеткіштерін бағалау кезінде M. sinensis ТОЛ-пестицидінің түріне байланысты ластанған топырақты қалпына келтірудің екі стратегиясын қолданғаны анықталды: фитоаккумуляция және фитотұрақтандыру. 4.4-ДДТ және β-ГХЦГ және γ-ГХЦГ изомерлері ластанған топырақтан жерүсті бөлігінде жинақталды, транслокация коэффициенті 1.18, 4.04 және 84.0, сәйкесінше; 4.4-ДДЕ метаболиті тамыр жүйесінде жинақталды, биоконцентрация коэффициенті 2.07. Бұл зерттеудің нәтижелері, фитотұрақтандырғыш белсенділігімен 4.4-ДДТ ыдырауының соңғы метаболиті 4.4-ДДЕ улы метаболиттің өзара байланыстың расталғандықтан M. sinensis-тің ТОЛ-пестицидтерін фиторемедиациялау жобаларында қолдану, әсіресе Қазақстанда, үлкен потенциалға ие екенін көрсетеді. Сондықтан, одан әрі зерттеулерде M. sinensis фитотұрақтандыру стратегиясын оңтайландыру басқа ТОЛ-пестицидтерге қарсы бағытталуы керек.