ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ҚЫРЫМ-КОНГО ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА БОЙЫНША ЭНДЕМИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a3Кілттік сөздер:
Биологиялық қауіпсіздік, биологиялық тәуекелдер, Қырым - Конго геморрагиялық қызбасы, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, эндемиялық аумақтар, сырқаттану, кенелердің вирустармен залалдануы, математикалық модельдеу.Аннотация
Қазақстан Республикасында халықты ықтимал биологиялық қатерлерден қорғау, елдегі биологиялық тәуекелдерді бағалау және болжау жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың негізгі қағидаттары мен шараларын мемлекеттік деңгейде регламенттейтін және айқындайтын «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ қабылданды және қолданысқа енгізілді. Жаһандық нақты эпидемиялық (COVID-19) биологиялық қауіп-қатерлердің қазіргі жағдайында бұрын болмағандай, табиғи-ошақ инфекциялары бойынша қолайсыз аумақтарда тұратын адамдарды биологиялық қорғау жөніндегі алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті биологиялық тәуекелдерді бағалау, модельдеу және болжау жүргізудің стандартты әдістемелерін әзірлеу қажеттілігі өткір тұрды.
Осы жарияланымда Түркістан облысының жекелеген әкімшілік аудандары бойынша биологиялық тәуекелдерді бағалау және эндемикалық табиғи ошақтардың белсенділігін болжау үшін математикалық модельдің тұжырымдамасын (жұмыс гипотезасын) әзірлеу бойынша зерттеу жұмысының нәтижелері жарияланды.
Әзірленген математикалық модельдеу моделі Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының эндемиялық аумақтарында 2023 жылдың тамыз-қыркүйек айларында эпидемиялық маусымның қорытындысы бойынша алынған халықтың аурушаңдық көрсеткіштері мен кенелердің ҚКГҚ вирусын жұқтыру негізінде статистикалық тексеруден және түзетуден өтеді деп болжануда.