АДАМНЫҢ БИПОЛЯРЛЫҚ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МИРНҚ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/bb.2024.v100.i3.015Кілттік сөздер:
биполярлық бұзылыс, мания, депрессия, эутимия, гендер, миРНҚ, мРНҚАннотация
Биполярлық бұзылыс – адам мінез-құлқының қайталанатын маниакалды, депрессиялық және эутимиялық (қалыпты) фазаларымен сипатталатын психикалық ауру. Әртүрлі зерттеулер бойынша кейбiр анықтаған гендердің экспрессиясының өзгеруі немесе олардын мутациялары осы аурудың өршуіне қатысады. Бұл гендер жүйке импульстарының берілуіне, көңіл-күйдің эндокриндік реттелуіне және басқа процесстерге қатысатын ақуыздарды кодтайды (мысалы, нейротрансмиттерлер, иондық арналар және т.б.). Біз білетіндей, адамның көптеген ақуыз-кодтайтын гендерінің экспрессиясы транскрипциядан кейінгі деңгейде миРНҚ (микроРНҚ) арқылы реттеледі. Бұл молекулалар гендердің мРНҚ-сымен байланысып, олардың трансляциясын блоктайды. Осылайша, соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша миРНҚ адамның биполярлық бұзылуымен байланысты гендердің экспрессиясын реттейді. Бірақ олардың қайсысы осы психикалық ауруға тән? Бұл процестерде олардың рөлі қандай? Бұл деректерді адамның биполярлық бұзылуын диагностикалау, алдын алу және емдеу үшін қалай пайдалана аламыз? Бұл сұрақтарға біз шолу мақаламызда жауап беруге тырысамыз.