ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҒАШ ЖАРТЫЛАЙ ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАРЫ (HEMIPTERA, HETEROPTERA)
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.010Кілттік сөздер:
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, ағаш жартылай қаттықанаттылары, HeteropteraАннотация
Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда ағаш жартылай қаттықанаттыларына 2023 жылы жүргізілген зерттеулер нәтижелері беріліп отыр. Зерттеу нәтижесінде ағаш Жартылай қаттықанаттыларының 8 тұқымдасына жататын 37 түрі анықталды. Бұлардың ішіндегі тұқымдастар: Miridae (8 түр, 22%), Tingidae (7 түр, 19%), Anthocoridae (6 түр, 16%), Nabidae, Lygaeidae (4 түрден, 11%), Acanthosomatidae, Pentatomidae (3 түрден), Aradidae (2 түр) белгілі болды. Жартылай қаттықанаттылар тіршілік ету ортасына қарай дендробионт, дендро-тамнобионт, дендро-тамно-хортобионт, дендро-хортобионт болып бөлінеді. Дендробионттар (24 түр), дендро-тамнобионттар (8 түр), дендро-тамно-хортобионттар (2 түр), дендро-хортобионттар (3 түр). Олар қоректік байланысы жағынан зоофагтар (11 түр), зоофитофагтар (4 түр), фитофагтар (20 түр: кең олигофитофагтар (5 түр), тар олигофитофагтар (2 түр), полифитофагтар (13 түр) және мицетофагтар (2 түр) болып бөлінеді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттылары жылына беретін ұрпақ санына қарай 4 топқа бөлінеді: моновольтинді (25 түр), бивольтинді (7 түр), поливольтинді (3 түр), ациклді (2 түр). Зерттеу аймағындағы түрлер экологиялық жағынан 36 түр - мезофилді, тек Orsillus maculatus - мезоксерофилді. Жартылай қаттықанаттылар шала түрленіп дамитын жәндіктерге жатады және дамудың келесі кезеңдерінен өтеді – жұмыртқа, дернәсіл және ересек дарасы. Олар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қыстайды. Көптеген түрлерде қыстау кезеңі ересек дарасы сатысында (28 түр), жұмыртқа сатысында (6 түр), ересек дарасы және дернәсіл сатысында (3 түр) болады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттылары 13 зоогеографиялық таралу аймақтарында кездеседі: неотропикалық-голарктикалық (1 түр), голарктикалық (5 түр), транспалеарктикалық (6 түр), транспалеарктикалық-эфиоптық (1 түр), батыспалеарктикалық (5 түр), шығыспалеарктикалық (3 түр), трансеуразиялық (8 түр), батысеуразиялық (2 түр), ортатетийлік (1 түр), ортатетийлік-тибет (1 түр), тұран (1 түр), тұран-гобий (2 түр), иран-тұран (1 түр).