ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНДАҒЫ УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ҚҰСТАР ФАУНАСЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb.2024.v99.i2.011Кілттік сөздер:
қалалық экожүйе, урбандалған аумақтың авифаунасы, Қызылорда, биологиялық қорлар, антропогендік жүктемеАннотация
Биоәртүрлілік тұрақты даму шарттарының негізі болып табылады, дегенмен халық санының өсуіне байланысты оған көптеген факторлар қауіп төндіреді. Әлемнің қарқынды урбандалуы жаһандық биоалуантүрлілікке кеңінен әсер етеді, ал урбандалу ғаламдық биотаның гомогенизациясына ықпал ететін процестердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Арал өңірі қазақстандық бөлігінің аридті жағдайларында қалалық экожүйенің биоалуантүрлілігіне антропогендік жүктеменің күшеюі байқалады. Бұл бірқатар жағымсыз үрдістердің дамуына ықпал етеді (табиғи орта құрылымының өзгеруі, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы). Салдарынан биологиялық қорлардың антропогендік әсерге, сондай-ақ өңірде байқалатын климаттық өзгерістерге әсерін зерттеу қажеттілігі туындайды. Аймақтың фаунасы мен флорасы құрылымындағы түрлер байлығы мен алуан түрлілігіндегі өзгерістердің қарқынын зерттеуге және бағалауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындайды. Табиғаттағы кез-келген өзгерістерге сезімталдығына байланысты құстар фаунасы қоршаған ортаның қалпына келу көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Авифаунаны сандық есепке алу құстар фаунасының құрамындағы өзгерістердің кейде ең нәзік реңктерін талдаудың сенімді әдісі бола алады. Қазіргі уақытта Қызылордада қала аумағының кеңейіп, құрылыс нысандарының көпқабаттық биіктігі қарқынды артқаны байқалады. Бұл орнитофаунаның жайлы өмір сүруіне бірқатар түзетулер енгізеді. Қолжетімді әдебиеттерде Қызылорда қаласы авифаунасының мониторингі бойынша деректер жоқ. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жоба авторлары 2019 жылдан бастап Қызылордада құстардың есебін жыл бойы жүргізіп отырды. Бұл ғылыми мақала ғылыми зерттеулердің нәтижелерін аралық талдау мақсатында ұйымдастырылды.