КӘДІМГІ СІЛЕУСІН (LYNX LYNX LINNAEUS, 1758) БАС СҮЙЕГІНІҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ

Авторлар

  • Н.Ә. Бижанова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы
  • Ю.А. Грачев ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2022.v91.i2.09
        74 58

Кілттік сөздер:

кәдімгі сілеусін, Lynx lynx, краниология, морфометрия, популяция, түр тармағы, жыныстық диморфизм, таксономиялық статус, статистикалық талдау

Аннотация

Морфометриялық зерттеулер кәдімгі сілеусіннің (Lynx lynx Linnaeus, 1758) тоғыз түрлі популяциядан қарастырылған төрт түр тармағының: еуропалық (L. l. lynx L., 1758) (n = 2), Байкал (L. l. kozlovi Fetisov, 1950) (n = 2), Алтай (L. l. wardi Lydekker, 1904) (n = 5) және Түркістан (L. l. isabellina Blyth, 1847) (n = 16) сілеусінінің 27 бас сүйегінде жүргізілді. Жас ерекшеліктерін сараптау нәтижесінде зерттелген бас сүйектердің үшеуі бір жылдық жас даралар тобына, сегізі 2-3 жасқа дейінгі жас даралар тобына, он алтысы ересектер тобына жатқызылды. Аталық пен аналықтарды салыстыру үшін деректерді статистикалық өңдеуде 10 айнымалы қолданылды. Бір жылдық жас топтың бас сүйектері олардың дамымағандығынан пайдаланылмады. Айнымалылардың орташа мәндерін салыстыру үшін Студенттің t-тесті қолданылды, өңделген деректер <0,05 көрсеткішімен статистикалық маңызды болып келеді. Бас сүйектердің жалпы өлшемдері әртүрлі, аталықтар аналықтарға қарағанда салыстырмалы түрде үлкен болды. Екі жыныс бас сүйектерінің жалпы ұзындығы, орта есеппен, аталықтарда 153,8 мм және аналықтарда 145,6 мм болды, ал бас сүйегінің зигоматикалық ені, орта есеппен, аталықтарда 108,6 мм және аналықтарда 102,8 мм болды. Өлшемдегі ұқсас айырмашылықтар қалған 8 айнымалы үшін де байқалды. Әртүрлі популяциялардағы сілеусін бас сүйектерінің өлшемдерінде айтарлықтай өзгерістер байқалды, бұл олардың денелерінің өлшеміне байланысты болуы мүмкін. Осылай, Еуропалық және Алтай сілеусінінің бас сүйектері Түркістан сілеусінінің бас сүйектерінен біршама үлкен болды. Алдағы уақытта басқа популяциялар сілеусіндерінің бас сүйектерін қарастыру және популяциялар және түр тармақтары арасындағы айырмашылықтарды зерттеу үшін көбірек айнымалыларды пайдалану жоспарлануда.

Библиографиялық сілтемелер

Sunquist M., Sunquist F. Wild Cats of the World. Chicago, “University of Chicago Press”, 2002. – 452 p. ISBN 0-226-77999-8.

Aulagnier S., Mitchell-Jones A.J., Zima J., Haffner P., Moutou F., Chevalier J. Mammals of Europe, North Africa and the Middle East. London, UK, “Bloomsbury Publishing”, 2018. – 272 p. ISBN 9781472960993.

von Arx M., Breitenmoser-Wursten Ch., Zimmermann F., Breitenmoser U. Status and Conservation of the Eurasian Lynx (Lynx lynx) in Europe in 2001. Muri, Switzerland: “KORA”, 2004. – 330 p. ISSN 1422-5123.

Breitenmoser U., Breitenmoser-Würsten Ch. Der Luchs: Ein Grossraubtier in der Kulturlandschaft. Salm Verlag, Wohlen/Bern, Schweiz, 2008. – 584 p.

Breitenmoser U., Breitenmoser-Würsten Ch., Lanz T., von Arx M., Antonevich A., Bao W., Avgan B. Lynx lynx (errata version published in 2017) // The IUCN Red List of Threatened Species, 2015: e.T12519A121707666. Accessed on 30 January 2022

Rohlf F.J., Marcus L.F. A revolution in morphometrics // Trends Ecol. E., Vol. 8, 1993. – 129-132 pp. https://doi.org/10.1016/0169-5347(93)90024-J

Dayan M.O., Gürbüz I., Demiraslan Y., Özgel Ö. Craniometric Measurements of the Male Eurasian Lynx from Turkey // Animal and Veterinary Sciences, Issue 5, No. 1, 2017. – 15-20 pp. doi: 10.11648/j.avs.20170501.13

Матюшкин Е.Н. Рыси мировой фауны: биологическое разнообразие, география и эволюция // Рысь. Региональные особенности экологии, использования и охраны. Москва, «Наука», 2003. – С. 12-30. ISBN 5-02-002789-8

Строганов С.У. Звери Сибири. Хищные / под ред. В.Г. Гептнера. Москва, Издательство Академии Наук СССР, 1962. – 458 с.

Аристов А.А., Барышников Г.Ф. Млекопитающие фауны России и сопредельных территорий. Хищные и ластоногие. Санкт-Петербург, «СПбГУ», 2001. – 560 с.

Гептнер В.Г., Слудский А.А. Млекопитающие Советского Союза. Т. II., Ч. II. Хищные (Гиены и Кошки). Москва, «Высшая школа», 1972. – 552 с.

Клевезаль Г.А. Принципы и методы определения возраста млекопитающих, Москва, «КМК», 2007. – 283 с. ISBN 978-5-87317-355-6

Garcia-Perea R., Gisbert J., Palacois F. Review of the Biometrical and Morphological Features of the Skulls of the Iberian Lynx, Lynx pardine (Temminck, 1824) // Säugetierkundliche Mitteilungen, Issue 32, 1985: 249-259 pp.

Кузнецов Б.А. Определитель позвоночных животных фауны СССР. Ч. 3. Млекопитающие. Москва, «Просвещение», 1975. – 208 с.

Коросов А.В., Хейкинен А.С. Новый принцип определителя млекопитающих // Принципы экологии. Вып. 3., No. 4., 2015. – С. 4-17. ISSN 2304-6465

Левых Ю.А., Токарь О.Е., Гашев С.Н., Козлов О.В., Аршевский С.В. Летние полевые практики по ботанике и зоологии. Учебное пособие для ВУЗов / под ред. Левых А.Ю. Москва, «Юрайт», 2021. – 321 с.

Kvam T. Age determination in European lynx Lynx lynx lynx (L.) based on cranial development // Fauna Norv. Ser. A., Issue 4, 1983. – 31-36 pp.

Gittleman J.L. Sexual dimorphism in the canines and skulls of carnivores: effects of size, phylogeny, and behavioural ecology // J. Zool., Lond., Issue 242, 1997. – 97-117 pp.

Lydekker R. The coloration of the lynxes // The Field, 104, 1904. – 576 pp.

Сатунин К.А. Определитель млекопитающих Российской Империи. Рукокрылые, Насекомоядные и Хищные. Тифлис, 1914. – 184 с.

Огнев С.И. Звери Восточной Европы и Северной Азии. Т. 3. Хищные и Ластоногие, Москва-Ленинград, «Государственное издательство биологической и медицинской литературы», 1935. – 752 с.

Kitchener A.C., Breitenmoser-Würsten Ch., Eizirik E., Gentry A., Werdelin L., Wilting A., Yamaguchi N., Abramov A.V., Christiansen P., Driscoll C., Duckworth J.W., Johnson W., Luo S.-J., Meijaard E., O’Donoghue P., Sanderson J., Seymour K., Bruford M., Groves C., Hoffmann M., Nowell K., Timmons Z., Tobe S. A revised taxonomy of the Felidae. The final report of the Cat Classification Task Force of the IUCN Cat Specialist Group // Cat News, Special Issue 11, 2017. – 80 p. ISSN 1027-2992.

Nowell K., Jackson P. Wild Cats: Status Servey and Conservation Action Plan. IUCN/SSC Cat Specialist Group, Gland, Switzerland, 1996. – 421 p. ISBN Z-8317-0045-0.

Sicuro, F. & Oliveira, L. Skull morphology and functionality of extant Felidae (Mammalia: Carnivora): A phylogenetic and evolutionary perspective // Zoological Journal of the Linnean Society, Issue 161, 2011. – Pp. 414-462. doi 10.1111/j.1096-3642.2010.00636.x.

Gomerčić, T., Sindičić, M., Gomerčić, Đ.M., Goran, G., Frković, A.F., Pavlović, D., Kusak, J., Galov, A., Huber, Đ. Cranial morphometry of the Eurasian lynx (Lynx lynx L.) from Croatia // Veterinarski Arhiv., Issue 80, No. 3, 2010. – Pp. 393-410.

Жүктелулер

Как цитировать

Бижанова, Н. ., & Грачев, Ю. . (2022). КӘДІМГІ СІЛЕУСІН (LYNX LYNX LINNAEUS, 1758) БАС СҮЙЕГІНІҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 91(2), 110–118. https://doi.org/10.26577/eb.2022.v91.i2.09