Талас өзені аңғарындағы табиғи мал жайылымдарындағы өсімдіктер қауымдастықтарының ерекшеліктері

Авторлар

  • Zh. B. Konyrova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. N. Davletova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • А. Т. Kuatbayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • S. K. Tairova «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы,Алматы қ.
  • S. T. Nazarbekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
        73 81         73 32

Кілттік сөздер:

доминант түрлер, жайылым, өсімдіктер жабыны, өсімдіктер тұқымдастары, флоралық құрамы, шабындық.

Аннотация

Жайылым – бұл мал бағуға арналған ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер ғана емес, дәл осы саланың дамуымен барлық мал шаруашылығын өркендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері байланысты болып табылады. Жайылымдар инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту, жайылым жерлерінің тозуын болдырмау, қоршаған ортадағы жайылым экожүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтау қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Талас өзені Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Мақалада Талас ауданына қарасты Талас өзені аңғарындағы табиғи мал жайылымдарыныңөсімдіктер қауымдастықтарының флоралық құрамы анықталып, маңызды өсімдіктер топтарына сипаттама берілген. Зерттеу нысаны ретінде Талас ауданындағы Кеңес және Шакиров ауылдық округтері алынды. Талас ауданының Кеңес және Шакиров ауылдық округіндегі өсімдік жабынының флоралық құрамы – 22 тұқымдас, 65 туысқа жататын 97 өсімдік түрінен тұрады. Кездесетін түрлер саны жөнінен басым алғашқы бес орынды Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae Vent), Қоңырбастар (Poaceae Barn.), Күрделігүлділер (Asteraceae Bercht), Бұршақ тұқымдасы (Fabaceae Lindl), Лалагүлділер (Liliaceae Hall) алады. Қорғасыншөптер (Plumbaginaceae Juss.), Түйетабандар (Zygophyllaceae R.BR.), Крестгүлділер (Cruciferae Juss.), Қияқөлеңдер (Cyperaceae Juss.), Қалампырлар (Caryophyllaceae Juss.) мен Құртқашаштар тұқымдастары (Iridaceae Juss.) 1–4 түрден кездеседі.

1978 жыл мен 2015 жылдағы зерттеу нәтижелерін салыстырғанда өсімдіктер жабынында, атап айтқанда метеорологиялық динамикасы, экологиялық жағдайлары, өсімдік түрлері мен жекелеген контурлардың құрамында өзгерістер анықталды. Соңғы жылдардағы мал басының азаюы мен мал жаюды шектеу аталған аудандағы  бағалы жайылымдық өсімдіктердің дамуына оңтайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. 

Библиографиялық сілтемелер

Әдебиеттеp
1. Асанов Қ.Ә.(2001) Жайылым және экология: оқулық. Алматы, Ғылым. ISBN 562-802-626-3.
2. Тоpеханов А.А. (2006) Пpиpодные и cеяные паcтбища Казахcтана. Алматы, Ғылым. ISBN 9965-751-60-9.
3. Инcтpукция по пpоведению кpупномаcштабных (1:1000-1:100000) геоботаничеcких изыcканий пpиpодных коpмовых угодий Pеcпублики Казахcтан. Алматы, 1995, 230.
4. Сельское хозяйство Жамбылской области в 1991–2006 гг.: справочник. Таpаз, 2006.
5. Иллюстрированный определитель растений Казахстана (1969) Под ред. В.П. Голоскокова. Т.1, 2. Алма-Ата, Наука, 644.
6. Аpыcтангалиев C.А., Pамазанов Е.P. (1977) Pаcтения Казахcтана. Наpодные и научные названия. Алматы, Наука, 228.
7. Иванов А.И., Ляшенко И.И., Оспанов Б.С., Подольский Л.И. (1996) Кормовые растения сенокосов и пастбищ Казахстана. Алматы, Кайнар.
8. Төpеханов А.Ә. (2000) Қазақcтанның оңтүcтік шығыc табиғи жайылымды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздеpі. Алматы, Ғалым, 122.

Reference
1.Asanov KA (2001) Pastureand ecology [Zhaiylym zhane ecologiya]. Science, Almaty. (In Kazakh)
2. Torekhanov AA (2006) Natural and seeded pastures of Kazakhstan [Prirodnye i ceyanye pastbishha Kazahstana].Gylym, Almaty.(In Russian)
3. Instructions for conducting large-scale (1: 1000-1: 100000) geobotanical survey of natural forage lands of the Republic of Kazakhstan [Instuksiya po provedeniyu krupnomasshtabnyh (1:1000-1:100000) geobotanicheskih izyskaniy prirodnyh kormovyh ugodiyRespubliki Kazahstan]. Almaty, 1995, 230. (In Russian)
4. Agriculture of Zhambyl region in 1991-2006.: Handbook [Sel'skoe hozyaystvo Zhambylskoy oblasti v. 1991–2006 gg: spravochnik]. Taraz, 2006. (In Russian)
5. Illustrated Manual of the plants of Kazakhstan [Illyustrirovanniy opredelitel rasteniy Kazahstana] (1969) Ed. V.P. Goloskokov. T.1, 2. Science, Alma-Ata. (In Russian)
6. Arystangaliev SA, Ramazanov ER (1977) Plants of Kazakhstan. Traditional and scientific names [Rasteniya Kazahstana. Narodnye i nauchnye nazvaniya]. Science, Almaty. (In Russian)
7. Ivanov AI, Lyashenko II, Ospanov BS, Podolskiy LI (1996) Forage plants hayfields and pastures of Kazakhstan [Kormovye rasteniya senokosov i pastbish Kazahstana]. Almaty. (In Russian)
8. Tоrekhanov AA (2000) Scientific bases of natural forage lands southeast of Kazakhstan (Kazakstannyn ontustikshygystabigizhaiylymdytyimdi paydalanudyn gylyminegizderi). Almaty, Scientist. (In Kazakh)

Жүктелулер

Как цитировать

Konyrova, Z. B., Davletova, A. N., Kuatbayev А. Т., Tairova, S. K., & Nazarbekova, S. T. (2016). Талас өзені аңғарындағы табиғи мал жайылымдарындағы өсімдіктер қауымдастықтарының ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 24–32. вилучено із https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1157

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають