Rosaceae тұқымдасы Chamaeаmygdalus секциясының екі түрінің Шығыс Қазақстанда таралуы

Автор(и)

  • А. E. Orazov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • N. M. Mukhitdinov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • А. B. Myrzagaliyeva Астана халықаралық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан
  • G. Sramko Дебрецен университеті, Мажарстан, Дебрецен
  • Sh. T. Tustubayeva С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қазақстан, Өскемен
  • A. C. Karatayeva С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Қазақстан, Өскемен
  • Y. K. Turuspekov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.06

Анотація

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан территориясындағы Rosaceae тұқымдасы Amygdalus туысының Chamaeammygdalus секциясының өкілдерінің екі түрінің таралуы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген (Amygdalus nana L. және Amygdalus ledebouriana Schlecht.). Зерттеу аясында әр түрлі ұйымдардын кеппешөп қорларынан алынған 100-ге жуық кеппешөп материалдары өңделді: Ботаника және фитожерсіндіру институтының (Алматы қ.), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы қ.), Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (Алматы қ.), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (Өскемен қ.), электрондық деректер базалары: М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Ноев Ковчег» атты тірі жүйелер депозитарийі, «Плантариум» (www.plantarium.ru) өсімдіктер түрлердің атласы және online анықтағыш жүйесі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Электрондық кеппешөп қоры» атты электрондық іздеу жүйесі (Өскемен қ.) және басқа да дерек көздерінен. Зерттеулер маршрут-барлау әдісімен зерттелген және 1932 жылдан 2019 жылға дейінгі мәліметтерді флоралық аудандарының флоралық шаршыларымен өңдеу әдісімен жүргізілді. Мақалада зерттеу аймағы бойынша Chamaeammygdalus секциясының қысқаша өкілдерінің тізімі берілген. Зерттеу нәтижелері осы түрлердін таралу аймағын сипаттауға және сақтау шараларын ұйымдастыруға маңызды.

Түйін сөздері: Amygdalus, Chamaeamygdalus, Amygdalus nana, Amygdalus ledebouriana, сирек кездесетін түрлер, тіршілік ету ортасы.

Завантаження

Опубліковано

2020-08-12

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають

<< < 1 2