Оңтүстік Қазақстандағы жусанның эндемдік түрлеріндегі эфир майының мөлшері мен компоненттік құрамы
Ключові слова:
Artemisia L., эфир майы, компоненттік құрамы, оңтүстік ҚазақстанАнотація
Шаруашылық бағалы түрлерін анықтау және кешенді зерделеу елдің табиғи ресустарды бағалаудың бөлігі болып табылады. Бұл салада ғылыми және тәжірибелік қызығушылығы биологиялық белсенділігі бар эфир майлары, органикалық, май қышқылдары бар өсімдік Artemisia L. түрлерін ұсынуға болады. Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстанда өсетін кейбір эндемикалық және шектеу түрлері бар эфир майларының мазмұны мен компоненттік құрамын зерттеу қорытындылары көрсетілген.
Эфир майларын алуды Клевенджер аппаратында гидродистиляциялық әдіспен жүзеге асырған. Оңтүстік Қазақстанның алғашқы зерттеленетін үлгілерінің эфир майларының компоненттік құрамын Ақдениз Университетінің хош иісті өсімдіктердің орталық зертханасында анықтаған. (Турция, Анталия, 2019 ж.) хромато-масс-спектрометр Agilent 5975T LTM GC/MS/FID.
- cina эфир майында 15 компоненттік құрамы анықталды , оның ішінде 1,8-цинеол (60%жоғары) және туйон туындылары (8-14%) басым болды. A. karatavica эфир майының копонентік құрамы 25 құрамалармен анықталды, оның ішінде 1,8-цинеол (50%) және камфора (22%). A. porrecta эфир майында 12 компоненттік құрамалар анықталды, оның туйон туындылары (75%жоғары) 1,8-цинеол (8,2%) және камфора (7,6%) . Анықталған компоненттердің басым бөлігі монотерпендерге жатады,ішіндегі тоғыз құрамы (сабинен, В-мирцен, а-терпинен, 1,8-цинеол, у-терпинен, n-цимен, а и В-туйон, терпинен-4-ол) барлық үлгілерде анықталған. 1,8-цинеол (61,7-50,2%) жоғары мөлшері A. cina және A. karatavica үлгілерінде байқалды.
Зерттеленетін нысандардың эфир майларының индикаторына 1,8-цинеолды, туйон және камфора туындыларын жатқызуға болады себебі олардың эфир майының жалпы құрамының 70% құрайды. Сондықтан жусанның осы зерттелген түрлерін антибактериалдық, антифунгальдік және ісікке қарсы іс әрекеті бар препараттарды жасау үшін өсімдік шикізат көз қайнары ретінде зерделеу мақсатында ұсынуға болады.








