БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЕГІНДЕГІ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫ ОРМАНДЫ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНДА LAETIPORUS SULPHUREUS (BULL.) MURRILL ТАРАЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb202510211

Кілт сөздер:

Laetiporus sulphureus, орман қауымдастықтары, Жайық өзені аңғары, Батыс Қазақстан облысы, биоалуантүрлілік

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені аңғары орман қауымдастықтарында кездесетін Laetiporus sulphureus (Bull.) Murrill-дің таралу ерекшеліктері мен экологиясы қарастырылады. Паразиттік және сапротрофтық қасиеттерге ие бұл саңырауқұлақ ағаш субстраттарындағы лигнинді ыдырату арқылы қоректік заттардың айналымында негізгі рөл атқарады. 2019–2024 жылдар аралығында жүргізілген далалық зерттеулер барысындағы кешенді геоботаникалық және микологиялық талдау негізінде L.sulphureus -тің шегіршін, тал, терек, көктерек, қайың және емен ормандарын қамтитын әртүрлі орман қауымдастықтарында кездесетіні айқындалды. Бұл саңырауқұлақтың Quercus robur, Salix alba және Populus alba сияқты ағаш түрлерімен айқын байланысы анықталды.

Зерттеу нәтижелері Laetiporus sulphureus-тің жоғары экологиялық икемділікке ие екенін көрсетеді, бұл оның белгілі бір орман қауымдастықтарына сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді. Саңырауқұлақ көбінесе ылғалды және жапырақты ағаш жыныстарына бай ормандарға басымдық береді, өйткені олар оның өсуіне қажетті тұрақты және ылғал сақтайтын субстраттармен қамтамасыз етеді. Жайылмалы және байрақты ормандармен байланысы L.sulphureus-тің Жайық өзені аңғары экожүйелеріндегі маңызын айқындайды. ...

Автор өмірбаяндары

  • А.Н. Сарсенова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Сарсенова Асемгуль Нурсаиновна (корреспонденттік автор) - PhD, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы (Орал қ., Қазақстан, email: assemgulsarsenova@gmail.com

  • С.А. Абиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Казақстан, Астана қ.

    Абиев Сардарбек Абиевич – Биология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жалпы биология және геномика кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан, email: abiev.sardarbek@yandex.kz)

  • T.E. Дарбаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Дарбаева Талшен Есеномановна - Биология ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің профессоры (Орал қ., Қазақстан, email: dtalshen@mail.ru)

  • Б.С. Альжанова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Альжанова Багдагуль Сактагановна - Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің доценті (Орал қ., Қазақстан, email: aljanb@mail.ru)

  • Г.С. Кайсагалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Кайсагалиева Гульжахан Смаиловна - Биология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы (Орал қ., Қазақстан, email: gusm_@mail.ru)

  • Р.Ж. Кожагалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Кожагалиева Рима Жамбуловна - PhD, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы (Орал қ., Қазақстан, email: rabdrakhmanova_7@bk.ru)

  • А.У. Утаубаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Утаубаева Алма Уахитовна - Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің доценті (Орал қ., Қазақстан, email: wksu.biology@gmail.com)

  • С.Н. Бохорова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Бохорова Светлана Николаевна – Экология магистрі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы (Орал қ., Қазақстан, email: b_sveta_n@mail.ru)

  • Ә.Д. Құрмекеш, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Құрмекеш Әділет Дәулеткерейұлы – Педагогика ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы (Орал, Қазақстан, email: kurmekeshadilet@gmail.com)

  • К. Экен, Ыспарта қолданбалы ғылымдар университеті, Түркия, Ыспарта қ.

    Cafer Eken - PhD, профессор, Ыспарта қолданбалы ғылымдар университеті, (Ыспарта қ., Түркия, email: cafereken@isparta.edu.tr)

Жарияланды

2025-03-20

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары