Іле өзенінің жайылмасындағы ареалы шектеулі эндемдік rosa iliensis chrshan. кездесетін кейбір өсімдіктер қауымдастықтарының сипаттамасы

Авторлар

  • А. Zh. Childibayeva
  • A. A. Ametov
  • B. M. Tynybekov

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1404

Аңдатпа

Мақалада Алматы облысына қарасты Іле өзенінің Малайсары аласа тау шоқысына жақын жердегі Қапшағай ГЭС-інен төменгі ағысының жайылмасында сирек және эндемдік Rosa iliensis Chrshan. кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының геоботаникалық сипаттамасы мен флористикалық талдауы берілген. Мұнда авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің шын мәнінде Іле өзенінің жайылмасында сирек кездесетін, эндемдік түр екендігін атап көрсеткен. Бұл өсімдік өзен жағалауында кездеседі және оның ареалы Қапшағай ГЭС құрылысына байланысты үзілген. Іле өзенінің жайылмасының айтарлықтай бөлігін «Аяққалқан» курорттық аймағынан бастап Қапшағай ГЭС-іне дейін толығымен су басқан. Малайсары аласа тау шоқысына жақын жердегі Іле өзенінің жайылмасында Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің тіршілік жағдайы қанағаттанарлық деп санауға болады. Өйткені Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің сирек кездесетін бұталары мұнда жыл сайын гүлдеп, жеміс береді. Дегенмен, популяциялар шегінде бұл өсімдіктің бірде-бір не жас көшеттері, не ювинильдік особтары табылмады. Бұл Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің тұқым арқылы көбейіп, жаңаруының болмайтындығын көрсетеді. Осыны ескере отырып, авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігі өсетін Іле өзенінің жайылмасында үнемі мониторинг жүргізуді және осылайша популяцияның жағдайын бақылауда ұстауды ұсынады. Түйін сөздер: популяция, ценопопуляция, ассоциация, доминант, эдификатор, тіршілік формасы, экотип.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-04

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>