Қазақ этникалық тобындағы жүктілігі асқынған әйелдердің қан ұю жүйесіндегі тромбофилия гендерінің полиморфизмі
Кілт сөздер:
жүктілік асқынулар, қан ұю жүйесі, тромбофилия, гендік полиморфизм.Аңдатпа
Қазақ этникалық тобындағы 120 жүктілігі асқынған әйелдердің және физиологиялық жүктілігі бар 121 әйелдердің қан ұю жүйесіндегі тромбофилия гендерінің полиморфизмінің ерекшеліктері зерттелді. Тромбофилияның маңызды төрт геннің жиілігі анықталды: F2 протромбин генінің полиморфизмі, F5 Лейден генінің аллелдік мутациясы, F7 генінің мутациясы және FGB генінің полиморфизмі. Генетикалық полиморфизмдер ПТР RealTime әдісі бойнша, ал амплификация нәтижесі автоматты түрде CFX96 аппаратында (BiоRad, АҚШ) жүргізілді. Алынған нәтижелер жүкті әйелдердің екі тобында гендердің генотиптері мен аллелдерінің кездесу жиілігі статистикалық маңыздылығын көрсетпеді. Қауіпті топта бақылау тобымен салыстырғанда протромбин (F2) генінің А мутантты аллелінің кездесу жиілігі 1,5 есе төмен екендігі жəне Лейден (F5) генінің А мутантты аллелі 4,2 есе, сәйкесінше, артуы байқалды. F2, F5 (Лейден) гендерінің мутантты аллелінің гомозиготалық генотиптері жүкті əйелдердің екі топтарында да кездеспеді, яғни алынған нәтижелер азиаттық популяциялардың әдебиеттік мәліметтеріне сай келеді.








