Қазақ этникалық тобындағы жүктіліктің асқынулары бар әйелдердің фолат цикліндегі гендердің полиморфизмы

Авторлар

  • A. M. Kalimagambetоv Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. I. Valyaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. U. Isabek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Z. B. Rakisheva ЖШС «Tree Gene» генетикалық зертханасы, Қазақстан, Алматы қ.
  • Sh. A. Beysembaeva С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • K. A. Sadueva Қалалық перинаталдық орталық, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. B. Dauletbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

гендер полиморфизмы, МТR, MTRR, MTHFR, жүктілік асқынулар

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты қазақ этникалық тобындағы жүктілігінде асқынулары бар әйелдердің фолат цикліндегі аллелдер жиілігі мен келесі гендердің - 5,10-метионин-синтаза (MTR) A2756G rs1805087, метионин-синтаза-редуктаза (MTRR) А66G rs1801394 және метилентетрагидрофолатредуктаза (MTHFR) С677Т rs1801133 гендердің полиморфты генотиптерінің варианттарын зерттеу болды. Зерттеу «оқиға-бақылау» әдісі арқылы орындалды. Негізгі топты 121 жүкті әйелдер құрды. Оларда алғашқы екі жүктіліктерінде өздігінен болған түсіктер және акушерлік асқынулар байқалды. Бақылау тобына 120 жүкті әйелдер кірді. Оларда алғашқы екі жүктіліктері қалыпты босанумен аяқталды және анамнездерінде жүктіліктің асқынулары байқалмаған. Зерттеу материал ретінде әйелдердің күре тамыр қанынан алынған геномдық ДНК болды. Генетикалық полиморфизм RealTime бойынша CFX96 (BioRad, USA) амплификаторында анықталды. Тұқым қуалаудың кодоминантты, доминантты, рецессивті, доминантты үстінен және лог-аддитивті моделдерді қолдана отырып статистикалық талдау SNPstats онлайн-бағдарламасында жасалынды. Талдау негізгі және бақылау тобындағы жүкті әйелдерде қарастырылған гендер полиморфизмінің кездесу жиілігінде статистикалық маңызды айырмашылықтар көрсеткен жоқ. Алынған нәтижелер қазақ этникалық тобындағы әйелдер арасындағы фолат цикліндегі MTR, MTRR, MTHFR гендердің полиморфты аллелдерінің таралуы туралы мәліметтерді толтырады. Сонымен бірге, жүктілікке генетикалық және орта факторларының әсерін бір мағналы ретінде есептеу үшің қосымша молекулалы-генетикалық зерттеулер қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-01

Журналдың саны

Бөлім

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары