Кадмий ионымен ластанған ортада өсірілген күріш өсімдігі

Авторлар

  • S. D. Atabayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • A. S. Nurmahanova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • Sh. K. Kenzhebayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • S. Sh. Asrandina Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • S. S. Kenzhebayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • R. A. Alybayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • M. Narmuratova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • B. M. Tynybekov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Кілт сөздер:

күріш, кадмий, өсу, төзімді, сорт, биомасса,

Аңдатпа

 Өсу көрсеткіші бойынша кадмий тұзы әсеріне төзімді күріштің әртүрлі сорттарына скрининг жүргізілді.  Төзімді және сезімтал сорттарды анықтау.  Зерттеу жұмысын сапалы жүргізу үшін күріштің Чапсари, Баракат, Бақанас, Виолетта, Анаит, Фишт, Маржан, Мадина әртүрлі сорттары алынды. Кадмийдің (CdSO4) әртүрлі концентрациясынан дайындалған ерітіндіде 7 күн өсірілді. Өсімдіктерді 5 вариант негізінде өсірілді: 0, 50, 100, 200, 400 µM CdSO4. Кадмий концентрациясы жоғарылаған сайын, олардың өсуі мен биомасса жинақталуы тежелетіндігі анықталды. Тамырдың өсу деңгейі бойынша төзімді сорттарды келесі тізбек бойымен орналастырамыз: Баракат(23%) > Чапсари(18%) Виолетта(17%) > Фишт(7%)> Анаит (7%) > Маржан (5%) > Бақанас(4%). Өсімдіктер тамарындағы биомасса жинақталуы жерүсті мүшелеріне қарағанда тежелгендігі байқалды. Кадмий тұзы иондарының әсерінен күріштің жерүсті мүшелеріндегі биомасса жинақталуы зерттелді.  Жерүсті мүшелері мен салыстырғанда  тамыр мүшесі кадмий иондарына төзімді екендігін көрсетті.  Зерттау нәтижесі бойынша алынған күріштің Мадина және Баканас сорттары кадмий тұзы иондарының (400 µM CdSO4) әсеріне  төзімді екендігі , осы уақыттың ішінде күріштің Маржан, Анаит, Фишт сорттары сезімтал болып танылды. 

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >>