Картоптың Y-вирусының геномдық РНҚ 5' – трансляцияланбайтын тізбегінің бақылауындағы транспластомды темекі өсімдігінің uidA генінің экспрессиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b12Аңдатпа
Хлоропласт гендерінің экспрессиясының реттелуі посттранкционды деңгейде орын алады, бұл ретте пластикалық мРНҚ 5'-трансляцияланбайтын тізбегі (5'ТЛТ) маңызды рөлін атқарады. Картоптың Y вирусының (5'PVY) геномдық РНҚ-ның 5'ТЛТ-ін және пластид psbA генінің 5'ТЛТ-нің транспластомды темекі өсімдіктерінде β-глюкуронидаза (GUS) кодтайтын бактериялық репортер uidA генінің экспрессиясына әсері біздің жұмыстарда зерттелінді. Трансформация үшін uidA генін қамтитын бірдей басқарушы транскрипциялық реттегіштертер элементтері: пластидті psbA генінің промоутерлері мен терминаторлары және екі түрлі 5'ТЛТ: 5’psbA және 5’PVY бар генетикалық конструкциялар құрылды. Биобаллистика әдісімен бұл конструкциялар арқылы темекі хлоропластары трансформацияланды. Транспластомды сызығы GUS белсенділігінде шамамен 24 есе айырмашылықты көрсетті. Табиғи 5'psbA бөтен 5'PVY- ға ауыстыру GUS-белок синтезінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді.
Кілтті сөздер: хлоропластар, белок синтезі, 5’-ТЛТ, транспластомды өсімдік, репортерлы белок.








