Мидың ишемиялық зақымдануындағы өсімдік полифенолдары мен мезенхималық бағаналы жасушаларының бірлескен әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2021.v86.i1.014

Аңдатпа

Бұл жұмыстың мақсаты in vivo мидың экспериментальды ишемиялық зақымдануы жағдайында Limonium gmelinii тамырларынан оқшауланған полифенол сығындысы мен мезенхималық бағаналы жасушаларының (MБЖ) бірлескен терапиясының тиімділігін бағалау болды. Осы зерттеудің объектісі, салмағы 280-300 г еркек Wistar егеуқұйрықтары болды. Фокальды ишемиялық инсульт моделін құру үшін орта ми артерия окклюзиясы (OMAО) жасалды. Тәжірибелік топтардың жануарлары Кермек Гмелинді интрагастриялық жолмен қабылдады; MБЖ трансплантациясы жалпы сан тамыр арқылы инъекция арқылы жасалды. Трансплантацияланған MБЖ-дің өмір сүру деңгейі мен таралуын бағалау IVIS Spectrum micro КT аппаратын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Жануарлардың сенсомоторлық функцияларын талдау «Тарылатын жол» сынағының көмегімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, трансплантацияланған МБЖ-лар мида тек OMAО-мен ауыратын жануарларда локализацияланған, бірақ олардың кеуде және іш аймағында оқшаулануы инсультпен немесе инсультсыз жануарларда байқалды. Сенсоримоторлық белсенділікті бағалау көрсеткендей, MБЖ трансплантациясын алған жануарларда қозғалтқыш функцияларын ішінара қалпына келу орын алды, ал Limonium gmelinii сығындысы мен MБЖ аралас терапия жүргізгенде, 14-ші күні егеуқұйрықтардың қозғалтқыш белсенділігі бақылау шамасына дейін қалпына келді. Осылайша, Limonium gmelinii сығындысымен және мезенхималық бағаналы жасушаларымен біріктірілген терапия MБЖ монотерапиясымен салыстырғанда тиімді әдіс болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-10

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары