Жылдың көктемгі маусымында дені сау және ауру адамдардағы 2 типті қант диабеті кезіндегі кардиожүйенің циркадиандық биоырғағы

Авторлар

  • N. T. Ablaikhanova
  • S. Tuleukhanov
  • M. S. Kulbaeva
  • L. Zh. Gumarova
  • G. A. Tussupbekova
  • Nurzat T. Ablaikhanova
  • A. Yessenbekova
  • A. Ydyrys әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-4-b10

Аңдатпа

Бұл мақалада биоырғақтардың құрылымын зерттеу биологиялық жүйелердің уақытша құрылымының динамикасы мен көрсеткіштерінің нақты және шынайы бағалауға көмектесетіндігі қарастырылған. Осыған орай экзо-, эндогендік факторлармен қоса патологиялық бұзылыстарға жауап реакциясы ретінде тірі ағзалардың уақытаралық ұйымдасуын зерттеу ерекше өзіндік өзектілігін  көрсетеді. Белгіленген жағдайларда тірі жүйелердің уақытаралық ұйымдасуы мен биоырғағы жалпы көрсеткіштерінің тұрақсыздығымен, икемділігімен сипатталады.

Қазіргі таңда биологиялық процестердің ырғақтылығын ғана сипаттау жеткіліксіз болып табылады, жүйе ретінде биоырғақтардың ішкі құрылымын, олардың қалыпты өзгергіштігінің шегін, патологиялық ырғақтың басталу шектеулерін де анықтауды қажет етеді. Бейімделу үрдістерінде, әртүрлі стресс тудырушы әсерлерден, соның ішінде қант диабетінде физиологиялық өзгерістердің қалыптасуында ағза ырғағының құрылымының үлкен мәні бар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, адам ағзасының жүрек-қан тамырлар жүйесіне қант диабеті ауруының тигізетін әсерін бағалау мақсатымен дені сау адамдар тобының және 2-типтегі қант диабетімен ауырған науқастардың физиологиялық және патологиялық өзгерістері туындағанда ағзаның электрокардиограммалық ырғағының хроноқұрылымдық көрсеткіштерінің қайта құрылуын анықтауға арналған зерттеу жұмысы өзінің өзектілігін көрсетеді

Түйін сөздер: биоырғақ, уақытаралық ұйымдасуы, хроноқұрылымдық, жүрек-қан тамырлар жүйесі, 2-типтегі қант диабеті

Жарияланды

2020-01-23

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2