Сирек және эндем Erysimum croceum M.Pop өсімдігі популяцияларын эколого-фитоценотикалық бағалау

Авторлар

  • A. D. Serbayeva
  • N. M. Mukhitdinov
  • A. A. Ametov
  • K. T. Abidkulova
  • A. Ydyrys әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2019-2-1420

Аңдатпа

Бұл мақалада эндем, сирек кездесетін Erysimum croceum M.Pop (E. croceum) өсімдігінің Іле Алатауының Үлкен Алматы мен Кіші Алматы шатқалынының оңтүстік және солтүстік экспозицияларынан және Есік шатқалынан табылған төрт популяциясы зерттеліп, олардың қазіргі кездегі жағдайына экология – фитоценотикалық тұрғыдан баға берілген. E. croceum өсімдігінің популяцияларының ең жоғарғы тығыздығы №3 популяцияда (8,25±1,2 дана/м2), ең төменгі №1 популяцияда (7,3±0,6 дана/м2) екендігі анықталды. Топырағына жүргізілген зерттеулер бойынша оның ылғалдылығы орташа (5-14) және топырақ қүрамындағы pH мәні 4,03-5,85 болған жерлерде жақсы өсетіндігін көрсетті. 

E. croceum өсімдігінің популяцияларын зерттеудің нәтижесінде, олар өзінің шеңберіндегі оптимумда орналасқан және бұл түрдің жойылуына тікелей төніп тұрған қауіптің жоқтығы айқындалған. Дегенмен, E. croceum өсімдігі эндем түр болғандықтан, келесі шараларды жүргізу ұсынылған: 1) Іле Алатау Ұлттық табиғи паркі Іле Алатауындағы E. croceum өсімдігінің барлық төрт популяцияларының жағдайына бақылау және мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыру қажет екендігі; 2) Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтродукция институтына өсімдігін сирек, эндем, дәрілік түр ретінде коллекцияларына енгізу.

Түйін сөздер: популяция, ценопопуляция, өсімдіктердің тіршілік формалары, экологиялық типтері, флористикалық элементтер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-14

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

<< < 1 2 3 > >>