Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан алынған түйе сүтінің типологиясы

Авторлар

  • G. S. Konuspayeva Агрономиялық зерттеулерді дамыту орталығы (CIRAD), Франция, Монпелье қ.
  • B. Faye Агрономиялық зерттеулерді дамыту орталығы (CIRAD), Франция, Монпелье қ.
  • A. A. Meldebekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. Kh. Narmuratova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. D. Serikbayeva Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1321

Аңдатпа

Мақалада түйе сүтіне физика-химиялық құрамының орташа мәндері бойынша жүргізілген типологияға негізделіп салыстырмалы талдау жасалған. Типология Ward қашықтығын пайдаланып (иерархиялық кему классификациясы) автоматты жіктеу әдісі арқылы жүзеге асырылды. Алынған иерархия деңгейінің индекстерінің гистограммасына сәйкес, түйе сүтінің үш класы алынды, әрбір класс құрамы бойынша өзара өте ерекшеленеді.

Сүт үлгілері жылдың мезгілдеріне, жануралардың өсірілетін аймағына тәуелді қатты контрастіленетін болғандықтан, түйенің түріне байланысты сүтінің құрамының өзгермелілігін сипаттаудың екі кезеңі ұсынылды. Біріншіден, құрамы бойынша сүт профильдерінің типологиясы жасалды, ол ортогоналды инструментальді варианттардағы негізгі компоненттік талдау (ACPVI) әдісіне негізделген, сонымен қатар, «аймақ» және «жыл мезгілі» факторларының әсерін ескерместен сүт профильдерінің «жануар түріне» қарай таралуы сипатталды. Екіншіден, жануарлар түрлерін жақсырақ бөлуге мүмкіндік беретін сүт құрамы параметрлерінің дискриминантты функциясы жолға қойылды.

ACPVI классификациясына сәйкес, сүттің өзара жақсы ажыратылатын 4 класы алынды, олар құрамы «бай» (1-класс) «ақуыздың мөлшері төмен» (класс 2), «йод саны төмен» (3-класс) және «ашыған және С дәруменінің мөлшері төмен» (4 класс) сүт ретінде топтастырылды. Классификациядағы әртүрлі түрлердің таралуы көрсеткендей, 1 кластағы сүтті негізінен бактрианның үлгілері (58,9%) құраса, 2 класс сүті негізінен дромедар сүтінен тұрады. Дромедар сүтінің үлгілері 2-, 3- және 4-кластарда кездеседі. Гибридтер мен құрама сүтке келсек, оларды бөлек айқын бір сыныпқа жатқызу қиын болды.

Мұнан әрі, «жыл мезгілі» факторының сүт құрамына әсері зерттелді. ACPVI талдауының нәтижелері бойынша сүттің 5 класы алынды, онда 1-класс (негізінен көктемгі сүт үлгілері) жалпы азоттың мөлшерін айтпағанда қарастырылған барлық параметрлер бойынша құрамы «жұтаң» сүт ретінде; 2-класс (негізінен жаздық үлгілер) лактозаға және С дәруменіне «бай», бірақ кальций мен жалпы азоттың мөлшері төмен; 3-класс (жазғы сүт қана дерлік) - құрамында С витамині аз, бірақ лактозаның, йод, кальций мен жалпы азоттың жоғары мөлшері тән; 4-класс сүті құрамында лактозасы аз, С дәрумені көп мөлшерде болатын сүт ретінде сипатталды және 5-класқа қышқылданған сүт топтастырылды.

Түйін сөздер: түйе сүті, иерархиялық кему классификациясы, факторлық дискриминанттық сипаттамалы талдау, негізгі компоненттік талдау, ANOVA.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-14

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары