Vexibia alopecuroides және Salvia deserta тамырларынан алынған сығындылардың биологиялық белсенділігі

Авторлар

  • T. S. Kustova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. R. Samir Миссисипи университеті, АҚШ, Юниверсити қ.
  • T. A. Karpenyuk әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. V. Goncharova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. R. Favarisova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Ya. S. Tufuminova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. T. Kenesheva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1313

Аңдатпа

Өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстары органикалық қосылыстардың әртүрлі сыныптары болып табылады, олар терапиялық және профилактикалық агенттерді құру үшін перспективті шикізат болып есептеледі. Қазақстан Республикасының территориясында 6000-нан астам өсімдік түрлері бар, олар тиісті зерттеулермен жаңа түпнұсқа фитопрепараттарды жасау және өндіру үшін шикізат базасы болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстандағы жабайы өсімдіктердің биологиялық белсенді қосылыстарын сынау уақтылы және перспективалық міндет болып табылады.

Қазақстан флорасының екі жабайы өсімдіктерінің (Salvia deserta және Vexibia alopecuroides) тамырынан алынған биологиялық белсенді қосылыстары жоғары а) IC50 бойынша бағаланатын антибактериалды және антифундицидтік белсенділікке, б) азот оксидінің өндірісіне кедергі жасау қабілеті бойынша бағаланатын қабынуға қарсы белсенділікке, в) ABTS•+ радикал катиондарына қатысты терапиялық маңызды антиоксиданттық потенциалға ие екені анықталды. Salvia deserta мен Vexibia alopecuroides өсімдіктерінің тамырларынан мацерация әрекетімен, экстракциялаушы ретінде дихлорметан пайдалана отырып, флэш-газ хроматографиясын қолдана отырып, биологиялық белсенді қосылыстар кешенінің жалпы сығындылары жекелеген компоненттерге бөлінген. Vexibia alopecuroides тамырларынан алынған сығындыларда флавоноидтар тобына жататын 9 жеке зат, Salvia deserta тамырларынан алынған сығындыда - дитерпеноидтер тобына жататын 4 зат бар деп анықталды.

Salvia deserta және Vexibia alopecuroides тамырларындағы жеке заттар S. aureus, метициллинге төзімді S. aureus, Methicillin-resistant S. aureus, P. aeruginosa, C. glabrata, C. krusei, C. albicans штамдарына қарсы <0.8-ден 13.38 мкг/мл-ға дейінгі IC50 мәндері бойынша антимикробтық белсенділікті көрсетеді және бұл оларды новогалендік фитопрепараттарды әзірлеуде әлеуетті үміткерлер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: биологиялық белсенді қосылыстар, жалпы сығындылары, антимикробтық белсенділік, Salvia deserta, Vexibia alopecuroides.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-07

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>