Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі адамдардың кардиоинтервал тербелімдері мен пульстерінің тәуліктік динамикасының энтропиялық көрсеткіштерін зерттеу

Авторлар

  • S. T. Tuleukhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • O. I. Salatova А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қостанай қ.
  • Z. Zh. Zhanabayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. N. Oralbek әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. M. Zhexebay әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EB-2017-4-1307

Кілт сөздер:

адам, тәуліктік (циркадианды ритмдер), пульс, кардиоинтервал тербелімі, физикалық жүктеме, энтропия.

Аңдатпа

Физикалық жүктемеге дейінгі және физикалық жүктемеден кейінгі жас адамдардың кардиоинтервалдарының тербелімдері мен пульстерінің орта мәндерінің тәуліктік (циркадианды) динамикасының ерекшеліктері алғаш рет осы жұмыста анықталып, талданды.  Физикалық жүктемеден кейін жүрек жиырылу жылдамдығының көлемі статистикалық маңызы бар көлемге дейін жоғарылады (Р≤0,05). Сонымен, физикалық жүктемеге дейін пульстің көрсеткіштері 69,7±3,9 соққы/мин-тан 77,5±5,5 соққы/мин-қа, ал физикалық жүктемеден кейін 101,7±6,5 соққы/мин-тан 110,1±6,0 соққы/мин-қа дейін өзгерді. Кардиоинтервал тербелімінің  көлемі физикалық жүктемеге дейін 0,127±0,09 сек-тан 0,127±0,09 сек-қа дейін өзгерді, ал физикалық жүктемеден кейін 0,087±0,01 сек-тан 0,111±0,08 сек-қа дейін өзгерді. Кардиоинтервал көлемі физикалық жүктемеге дейінгіге қарағанда, физикалық жүктемеден  кейін төмендігі анықталды.

     Физикалық жүктемеге дейін және кейін жас адамдардың пульстерінің орта мәндерінің тәуліктік динамикасы мен  кардиоинтервал тербелімдерінің мәндерінің энтропиясы алғаш рет есептелінді. Сонымен, пульстің энтропиясының көлемі физикалық жүктемеге дейін - 0,6165, физикалық жүктемеден кейін - 0,6668 тең, ал кардиоинтервал тербелімдерінің көлемі физикалық жүктемеге дейін - 0,5749, ал физикалық жүктемеден кейін - 0,5432. Пульстің тәуліктік динамикасының көрсеткіштері физикалық жүктемеден кейін жоғарылайды, ал кардиоинтервал тербелімі, керісінше азаяды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-30

Журналдың саны

Бөлім

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары