Зертханалық жағдайда төмен температураға жерсіндіру кезеңінде ноқат өскіндеріндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер

Авторлар

  • K. Bulatova Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы
  • Sh. Mazkirat Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы
  • M. Kudaibergenov Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы
  • K. Baitarakova Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

Кілт сөздер:

ноқат, суыққа төзімділік, жерсіндіру, пролин, сахароза, фотосинтетикалық пигменттер, супероксиддисмутаза, пероксидаза.

Аңдатпа

Мақалада зертханалық жағдайда төмен температураға шынығудың 2 нұсқадағы кезеңдерінде ноқат өскіндерінің 4 үлгілеріндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің нәтижелері келтірілген.

Осмопротектор зазттарының (бос аминқышқылы пролин және сахароза) мөлшерінің деңгейі стресті фактордың ұзақтығы мен күшейтілу шамасына қарай  Мальхотра сортынан басқа барлық генотиптерде артатындығы тұрақтандырылды.

Қыстап шығу мен биохимиялық параметрлер: сахароза мөлшері арасындағы оң корреляциялық байланыс температура +13 °C - дан +2 °C-қа дейін төмендеген кезеңде байқалды (r=+0,88). Шынығудың осы кезеңінде фотосинтетикалық пигменттер концентрациясы мен каротиноидтар (хлорофил a, b, ксантофилдер +каротиноидтар)  сондай –ақ егістік жағдайында қыстап шыққан ноқат арасында  жоғары оң корреляция анықталды (r=0.98; 0,98; 0,91, сәйкесінше). Көрсетілген мәліметтерді ноқаттың суыққа және қыстап шығуына төзімді формаларын талдап алуға физиологиялық маркер ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Шынығудың 2-ші нұсқасының барлық сатыларында антиоксидантты ферменттердің (перокидаза, супероксиддисмутаза) жалпы белсенділігі мен өсімдіктегі сахароза және бос пролин деңгейі арасында оң байланысты көрсетті. Өсімдіктерге стрестік әсерді күшейткен кезде пероксидаза белсенділігі мен қыстап шыққан өсімдіктер саны арасында өзара байланыс болатындығы байқалады.

Автор өмірбаяндары

  • K. Bulatova, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Болатова Күлпаш биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, өсімдіктердің молекулалық биологиялық талдау зертханасының меңгерушісі

  • Sh. Mazkirat, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Мазқират Шынар магистр, өсімдіктердің молекулалық биологиялық талдау зертханасының ғылыми қызметкері

  • M. Kudaibergenov, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Құдайбергенов Мұхтар биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, дәндібұршақ дақылдар бөлімінің меңгерушісі

  • K. Baitarakova, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қазақстан, Алматы обл., Алмалыбақ ауылы

    Байтарақова Құралай дәндібұршақ дақылдар бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2018-01-06

Журналдың саны

Бөлім

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары