Жиынтық өсімдік экстракттардың және олардан жасалған кешендерінің антимикробтық және антиоксиданттық белсенділігін зерттеу
Кілт сөздер:
өсімдік экстракттар, биологиялық белсенді қосылыстар, антимикробтық белсенділік, антиоксиданттық белсенділік, синергетикалық әсері.Аңдатпа
Жиынтық өсімдік экстракттар негізінен алынған, сонымен қатар олардың ішінен бөлінген жеке топтар қосылыстарын қолдана отырып, табиғи өсімдік препараттарымен химиялық синтезделген дәрі-дәрмек тізімін толықтыру қазіргі заманғы медицина және фармакологияның өзекті мәселесі болып табылады. Өсімдік кешендердің ішіндегі компоненттер әрекеттердің синергизм есебінен бар немесе жаңа биологиялық белсенділіктер пайда болып, препараттың ең үлкен тиімділігін және әсер спектрін кеңейтетін мүмкіндік беретін препараттарды жасау үшін өсімдік кешендерін іріктеуі ерекше қызығушылық туғызады.
Флавоноид және С дәруменінің жоғары мазмұны, терапевті маңызды антиоксидантты әлеуетті, ципрофлоксацин және амфотерицин B антибиотиктердің белсенділігімен салыстырмалы, антимикробтық және антифунгициялық белсенділігі бар экстракттар анықталған, зерттелген биологиялық белсенділігі бар синергетикалық әсер ететін кешенді экстракттар таңдалған. Экстракттар компоненттерінің екі белсенділікке қарсы (антимикробтық және антиоксиданттық) жоғары синергетикалық әсерімен сипатталатын, сонымен бірге практикада қолданылатын перпективі бар, жиынтық экстракттардың кешенділері анықталған Paeonia intermedia (тамыр, этанол) + Paeonia intermedia (жер үсті бөлігі, этанол), Platycladus orientalis (жер үсті бөлігі, этанол) + Veronica incana (тамыр, этанол), Paeonia intermedia (тамыр, этанол) + Platycladus orientalis (жер үсті бөлігі, этанол), Paeonia intermedia (жер үсті бөлігі, этанол) + Astragal sieversianus (тамыр, этанол)








