Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіндегі тыран (Abramis brama L.) мен торта (Rutilus rutilus caspicus Оak.) балықтарының қоректену ерекшеліктері
Кілт сөздер:
Солтүстік Каспий, тыран, торта, қоректену, қоректік байланыс, жемдік организмдер.Аңдатпа
Жұмыс тыран және торта балықтарының түрлі өлшемдегі топтарының қорекпен қамтамасыз етілу дәрежесі мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі трофикалық арақатынасты анықтауға бағышталған. Аталмыш екі түрдің қоректенуін зерттеуге арналған материалдар 2016 жылдың күз мезгілінде Бүкілкаспийлік аулау кезінде алынған. Қорек құрамын анықтау мақсатында барлығы 32 балықтың асқорыту жолына талдау жүргізілді. Тыран мен торта қорегі микробентоста кең таралған ұсақ жәндіктерден: фораминифералар (Foraminifera) мен бақалшақты шаяндардан (Ostracoda) тұратындығы анықталды. Тыран мен тортаның қоректену сипаты теңіздің белгілі бір участогында жемдік организмдердің қол жетімділігі мен олардың құрамына байланысты болатындығы анықталды. Мысалы, 21 квадратта тыран хирономидтердің (Chironomidae) дернәсілдерімен қоректенген, дене салмағының 88,29 %-ды құрайды, ал ішектің толу индексі – 93,01 %оо, бұл өте үлкен көсреткіш боп есептеледі. Басқа аудандағы тыранның негізгі қорегі құрттар (Vermes) мен шаянтәрізділерден (Crustacea), моллюскалардан (Mollusca) тұрады. Тортанның қоректенуінде бір квадратта ғана моллюскалар (Mollusca) басым болды, ал қалғандарында құрттар (Vermes) мен шаяндар (Crustacea). Ішектің толуының жалпы индексінің салыстырмасы тек 72 квадратта ғана тортада 72,05 %оо, ал тыранда жалпы 40,13 %оо көрсетті. Тағамдық ұқсастықтарының деңгейін салыстырып айтуға болады зерттелген теңіз аймағындағы балықтардың рационы мен жем базасының түрлілігі тағамдық қарым-қатынаста қарбалас туғызады.








