Іле өзенінің ортаңғы ағысындағы Lonicera iliensis Pojark өсімдігінің қатысы бар өсімдіктер қауымдастығының сипаттамасы
Кілт сөздер:
флора, популяция, доминант, тіршілік формасы., ассоциацияАңдатпа
Мақалада Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан төменгі ағысы жағалауынан табылған Қазақстан флорасының сирек кездесетін және эндемдік түрі Lonicera iliensis Pоjark. өсімдіктер бірлестіктеріне геоботаникалық сипаттама беріліп, флорасына талдау жасалынған. Lonicera iliensis популяциясы кездесетін өсімдіктер қауымдарында түтікті өсімдіктердің 34 тұқымдасқа 90 туысқа жататын 105 түрі тіркелген. Жетекші тұқымдастарына Asteraceae, Chenopodiaceae, Brassicaceae, Fabaceae және Poaceae жатады. Біздің бақылауымыз бойынша бұл жердегі Lonicera iliensis өсімдігінің тіршілік күйі қанағаттандырарлық жағдайда, бірақ оның популяциясының табиғи жолмен қалпына келуі баяу, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл учаске судың тапшылығына байланысты экологиялық жағынан Алматы облысындағы ең қолайсыз аймақ. Екіншіден, осы аймаққа жаз айларында демалушылар көп келеді және олар өрттің шығуына себепші болады, үшіншіден, жаз айларында бұл жерде мал көп болады. Сондықтан да, Lonicera iliensis өсімдігін Қазақстан Республикасының ботаникалық бақтарында, мәдени жағдайда өсіру керек.








