Түркістандық сабыншөп Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk сапониндерінің сапалық және сандық талдауы
Кілт сөздер:
Allochrusa gypsophiloides, түркістандық сабыншөп, үштерпенді сапониндер, олеанол қышқылы, гемолитикалық индекс.Аңдатпа
Түркістандық сабыншөп отандық фармокопеяға ресми енгізілген дәрілік және отандық өндірістің көптеген салаларында практикалық қолданылатын бағалы техникалық өсімдіктердің бірі болып табылады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында өсетін түркістандық сабыншөптің Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk. (Caryophyllaceae Juss.) сапониндерін сапалық және сандық зерттеу. Сапалық реакциялардың нәтижесінде өсімдік құрамында үштерпенді сапониндер анықталды. Әртүрлі ерітінділер жүйесінде қышқылдық гидролиздан кейін жұқа қабатты хроматография жүргізу нәтижесінде түркістандық сабыншөптің үштерпенді сапониндерінің агликоны болып табылатын олеанол қышқылы табылды. Түркістандық сабыншөпте оның гүлдеу және жеміс беру кезеңдеріндегі үштерпенді сапониндерінің олеанол қышқылына шаққандағы мөлшері спектрофотометриялық әдіспен анықталды. Тамырында сапониндердің мөлшері – 7,63%, ал жерүсті бөлігінде – 2,29%. Түркістандық сабыншөптен бөлініп алынған сапониндердің көбіктүзу және гемолитикалық белсенділіктері бағаланды. Түркістандық сабыншөптің жерүсті бөлігімен салыстырғанда сапониндердің жоғары мөлшерімен ерекшеленген тамырдан бөлініп алынған сулы және этанолды сығындылардың жоғары беттік (көбіктену саны 1:6660) және айтарлықтай HI 3333 гемолитикалық белсенділіктері анықталды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОХИМИЯСЫ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Түркістандық сабыншөп Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk сапониндерінің сапалық және сандық талдауы. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 68(3), 114-123. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1208








