Іле Алатауының сирек, эндем Oxytropis almaatensis өсімдігінің ценопопуляция құрылымының ерекшеліктері

Авторлар

  • K. T. Abidkulova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • N. M. Mukhitdinov әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • A. A. Ametov әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • A. A. Ivashchenko Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы қ., Қазақстан
  • Sh. Almerekova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • A. Ydyrys әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Кілт сөздер:

Oxytropis almaatensis, онтогенез, жас ерекшелік спектрі, ценопопуляция, популяция,

Аңдатпа

Қазақстанда Oxytropis DC. туысының 15 секциясына жататын 119 өсімдік түрі бар, олардың 36 түрі (32,5%) эндем, ал 10 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген. Қазақстанның сирек, тар эндем түрінің бірі Oxytropis almaatensis, бұл түрді Сөгеты және Торайғыр  тауларынан (Іле Алатауының шығыс бөлігі) Е.Горбунова және В.П.Голоскоковтың 1937 ж. жинаған мәліметтері бойыша М.С.Байтенов сипаттаған. Республиканың Алматы сияқты үлкен мегаполисіне және басқа елді мекендеріне жақын орналасқан Іле Алатауы экожүйесінің өсдімдік жабынына кері әсер ететін үлкен рекреацилық салмақ әсер етеді. Ценопопуляцияның жағдайын бағалау үшін жастық спектрдің маңызы зор. Жастық спектрлер ценопопуляцияның қазіргі жағдайының диагостикасын жасаумен қатар, болашақ дамудың перспективасын бағалайды және әрбір ценопопуляцияның ең маңызды сипаттамасы болып табылады. 2015-2016 жж. авторлар ІА МҰТП территориясында O.almaatensis өсімдігінің 6 ценопопуляциясының демографиялық ерекшеліктерінің құрылысын анықтады.  O. almaatensis өсімдігінің зерттелген ценопопуляциялары кәдімгі, толық емес мүшелі (постгенеративті дарақтар кездеспейді) болып тбылады. Ценопопуляциялардың көпшілігі бір максимумы бар онтогенетикалық спектрге ие болса, екі ценопопуляция (бесінші және алтыншы) жас генеративтік және генеративтік өсімдіктердегі максимумы бар биомодальды онтогенетикалық спектрді көрсеткен. O. almaatensis өсімдігінің тығыздығы жоғары ценопопуляция – алтыншы, ал төмен тығыздықты төртінші ценопопуляция көрсеткен.   

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >>