Алматы облысы Іле өзенінің сол жағалауындағы cирек кездесетін, эндемдік және дәрілік Ferula iliensis Krasn. ex Korov өсімдігі популяциясы кездесетін өсімдіктер қауымдарын бағалау

Авторлар

  • A. Ydyrys Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • N. M. Mukhitdinov Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. А. Ametov Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • K. Т. Abidkulova Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • A. B. Akhmetova Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • B. M. Tynybekov Әл-Фараби атыныдағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кілт сөздер:

Ferula iliensis, популяция, дәрілік өсімдіктер, эндемдік, түрлік құрам,

Аңдатпа

Мақалада Ferula  iliensis Krasn  өсімдігінің Алматы облысы Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан популяциясы кездесетін өсімдіктер қауымына толық геоботаникалық сипаттама беріліп, флоралық құрамына талда жасалынған. Зерттелген популяция кездесетін өсімдіктер қауымы көлемінде тамырлы өсімдіктердің 24 тұқымдас, 72 туысқа бірігетін 91 түрін анықтадық. Өсімдіктер қауымының флоралық құрамы төмендегідей жіктеледі. Жалаңаш тұқымдылардан жалығыз түр болды. Қалған 90 түр жабық тұқымды, олардың 77 түрі қосжарнақтылар классына, 13 түрі даражаранақтылар классына жатады. Жетекші тұқымдастар Chenopodiaceae Vent. және Asteraceae Dumort., бұл аумақта олардың әрқайсысынан 18 түрден бар, бұл дегеніміз өсімдіктер қауымы флорасының 39,6% құрайды деген сөз. Тіршілік формаларынан қысқа мерзімдік даму цикліне ие терофиттер, бір және екіжылдық өсімдіктер – 38 түр (41,7%). Ал эндемдік түрлерден  бес түр өседі. Шаруашылық маңызына қарай Іле сасырының популяциясы кездесетін өсімдіктер қауымын 14 пайдалы өсімдіктер тобына топтастыруға болады. Осы сирек кездесетін, эндемдік және құнды дәрілік өсімдіктің популяциясына және популяция кезедсетін өсімдіктер қауымына төніп тұрған қауіп жоқ. Табиғи жолмен оның қалпына келуі қалыпты жағдайда жүріп жатыр. 

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>