Іле Алатауы жағдайындағы (Қазақстан) сирек, тар эндем Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылысының биометриялық көрсеткіштері

Авторлар

  • Sh. S. Almerekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • N. M. Mukhitdinov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • M. S. Kurmanbayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.1901/kbs2016.3.1197

Кілт сөздер:

Oxytropis almaatensis Bajt., тар эндем, популяция, өткізгіш шоқ, паренхима, склеренхима.

Аңдатпа

Мақалада сирек кездесетін, тар эндем Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық кұрылысы және биометриялық көрсеткіштері келтірілген. Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігінің бірінші популяциясы Үлкен Алматы шатқалынан табылды, GPS координаттары: N 43004.864´, E 076059.604´, теңіз деңгейінен биіктігі 2160 м. Екінші популяция Кіші Алматы шатқалынан анықталды, GPS координаттары: N 43008.490´, E 077004.198´, теңіз деңгейінен биіктігі 2002 м. Виргинильдік, жас және орташа генеративтік дарақтардың анатомиялық құрылысы салыстырмалы түрде екі популяцияда жүргізілді. Бірінші және екінші популяцияның виргинильдік жастық күйінде тамыр қабығы жас және орташа генеративтік жастық кезеңдерімен салыстырғанда, қалың екендігі анықталды. Әртүрлі популяцияда, әртүрлі жастық кезеңдерінде өсімдік сабағының ішкі құрылысын зерттеу барысында, барлық дарақтарда әртүрлі ұлпалардың дамуымен қатар, қос жарнақтылардың сабағына тән шоқты құрылыс байқалды. Екі популяциядағы жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысын салыстыру барысында, әртүрлі жастық кезеңіндегі дарақтардың барлығына дорзовентральды, билатеральды мезофилл тән екендігі айқындалды. Жапырақ негізгі фотосинтезге қатысатын өсімдік мүшесі болғандықтан, жапырақ тақтасының ішкі құрылысының ерекшеліктері, әсіресе хлорофиллды ұлпа – мезофиллдің қалыңдығы өсу ортасына, оның ішінде жарыққа тәуелді болуы мүмкін.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>