Целлюлозалы шикізаттан биоэтанол өндіру мақсатында ашытқылардың рекомбинантты штаммдарын алу
Кілт сөздер:
Saccharomyces cerevisiae, целлобиогидролаза, β-гликозидаза, эндо-1, 4-β-глюканаза, ашытқы α-факторының сигналды пептиді, геномдық интеграция.Аңдатпа
Гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, құрамында эндо-1,4-β-глюканаза, целлобиогидролаза және β-гликозидаза гендері бар pHO-GAPDH-eng1-GAPDH-α-cel7A-myc-6xHis-GAPDH-α-bglI-flag-KanMX4-HO құрастырылды. Интегральды вектордың құрамындағы әрбір генде ашытқы α-факторының сигнальды пептиді болады, әрі глицеральдегид-3-фосфат-дегидрогеназа (GAPDH) промоторы бақылауында экспрессияланады. Құрастырылған вектор целлюлитикалық ферменттер гендерінің ашытқылардың хромосомасына интеграциялануын НО генінің гомологиялық тізбек аймағын қолдану арқылы гендік ауыстыру жолы қамтамасыз етеді.
Ашытқылар хромосомасының HO локусындағы целлюлитикалық ферменттердің гендері бар ашытқылардың жаңа тұрақты штаммдары жасалды. Эндо-1,4-β-глюканаза, целлобиогидролаза және β-гликозидаза гендерінің ашытқылар геномының НО локусына хромосомалық интеграциясы ПТР әдісі арқылы дәлелденген. Бұл штамм целлюлитикалық ферменттер гендерінің үздіксіз экспрессиясын және қоршаған ортаға экспрессия өнімдерінің секрециялануын қамтамасыз етеді. Целлюлаза гендерін экспрессиялай алатын S.cerevisiae рекомбинантты штаммдары құрамында көмірсудың жалғыз көзі ретінде целлобиоза немесе карбоксиметилцеллюлозасы (CMC) бар синтетикалық ортада өсуге қабілетті екендігі көрсетілген. Бұдан басқа, рекомбинантты штамм 20% целлобиозадан және 20% CMC-тан 15,6 г/л этанол өндіреді. Бұл нәтижелер бойынша, S.cerevisiae рекомбинантты штаммдары бір уақытта құрамында целлюлозасы биомассаны қанттануына және ферментациясына қолдануы мүмкін.








