Су және су жағалаулық өсімдіктер құрамындағы шылаңдарды (Potamogetonaceae Dum.) зерттеу мәселелеріне материалдар
Кілт сөздер:
анықтағыш кілттер, су флорасы, туыс, түр, шылаңдар,Аңдатпа
Бұл мақалада шылаңдар (Potamogetonaceae Dum.) тұқымдасының туыстық және түрлік анықтағыш кілттері қазіргі таксономиялық жүйеге сәйкес мемлекеттік тілде берілген. Шылаңдар (Potamogetonaceae Dum.) тұқымдасында 24 түрді қамтитын Шылаң - Potamogeton L., Руппия - Ruppia L., Занникеллия - Zannichellia L. 3 туыс бар. Шылаң - Potamogeton L. туысының: P. filiformis Pers. (жіңішке шылаң), P. pamiricus Baagoe. (памир шылаң), P. macrocarpus Dobroch. (іріжеміс шылаң), P. pectinatus L. (қазоты, тарақбас шылаң), P. trichoides Cham. et Schlecht. (нәзік шылаң), P. compressus L. (L. zosterifolius Schum.; P. acutifolius Link., p.p.) (жағалық шылаң), P. obtusifolius Mert. et Koch. (мұқыл жапырақ шылаң), P. pusillus L. (кіші шылаң), P. friesii Rupr. (фрис шылаң), P. panormitanus Biv.-Bern. (палерма шылаң), P. crispus L. (бұйра шылаң), P. perfoliatus L. (орама жапырақ шылаң), P. praelongus Wulf. (ұзын шылаң), P. malaicus Miq. (малайя шылаң), P. lucens L. (жылтыр шылаң), P. natans L. (жүзгіш шылаң), P. nodosus Poir. (түйінді шылаң), P. alpinus Balb. (альпа шылаң), P. gramineus L. (P. heterophyllus Schreb.) (ала жапырақ шылаң) - 19 түрінің; Руппия - Ruppia L. туысының: R. spiralis L. (спираль руппия), R. maritimа L. (теңіз руппия) - 2 түрінің; Занникеллия - Zannichellia L. туысының: Z. palustris L. (батпақ занникеллия), Z. pedunculata Reichb. (сабақты занникеллия), Z. major Boenn. (үлкен занникеллия) - 3 түрінің анықтағыш кілттері жасалған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
БОТАНИКА
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Су және су жағалаулық өсімдіктер құрамындағы шылаңдарды (Potamogetonaceae Dum.) зерттеу мәселелеріне материалдар. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 48-56. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1160








