Қазақстанның Camelus dromedarius, Camelus bactrianus және гибридтер сүтінің экзосомаларын фундаменталды зерттеулері

Авторлар

  • A. Ryskalieva ИНРА, GABI зерттеу ұяшығы, АгроПариТек, Париж-Саклай Университеті, Франция, Жой-эн-Жосас қ.
  • Z. Krupova Эксилон, Франция, Эланкур қ.
  • C. Henry ИНРА, MICALIS Институті, PAPPSO, Париж-Саклай Университеті, Жой-эн-Жосас, Франция
  • B. Faye СИРАД, SELMET зерттеу тобы, Франция, Монпелье қ.
  • G. S. Konuspayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • P. Martin ИНРА, GABI зерттеу ұяшығы, АгроПариТек, Париж-Саклай Университеті, Франция, Жой-эн-Жосас қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.06

Аңдатпа

Сүттің құрамында жасушадан тыс везикулалар болады, олар сүт бездерімен шығарады және анадан жаңа туылған нәрестеге ақпаратты берудің жаңа жолы механизмі ретінде танылуда. Бұл зерттеуде жасушадан тыс везикулалар тығыздық градиентті ультрацентрифуацияны қолдана отырып, Қазақстанның C. dromedarius, C. bactrianus және гибридтердің сүтінен бөлініп алынды. Везикулалар трансмиссиялық электронды микроскопия көмегімен бейнеленді және нанобөлшектерді бақылаудың көмегімен сипатталды. Тазартылған жасушадан тыс везикулалардың диаметрі 25-тен 170 нм-ге дейін аралықта табылды, олардың мөлшері 9,5*108-4,2*1010 бөлшектер бір мл сүтінде кездеседі. Классикалық және протеомикалық тәсілдерді біріктіре отырып, түйе сүтінің везикулаларына кешенді протеомикалық анализ жасалды. Анализ барысында әр түрлі биологиялық процестерге қатысты 1010 түрлі белоктар анықталды, оның ішінде кішкентай везикулаларға байланысты әсіресе маркерлер көп. Нәтижесінде түйе сүтінің жасушадан тыс везикулалары экзосомалық белоктармен ерекше байытылған. Осындай белоктардың ішінде биологиялық процестер бойынша ең көп таралған белоктар экзосомалардың синтезі мен секрециясымен байланысты болды. Оның ішінде ерекше көп кездесетін поли РНҚ және АТФ байланыстыру, белок байланыстыру және рибосоманың құрылымдық құрамы сияқты молекулалық функцияларға қатысады.

Түйін сөздер: түйе сүті, экзосомалар, жасушадан тыс везикулалар, протеом.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-13

Журналдың саны

Бөлім

БИОТЕХНОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары