Алтай тауларының қазақстандық бөлігіндегі Orchidaceae тұқымдасының өкілдерінің тізімі

Авторлар

  • A. A. Sumbembayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы
  • А. N. Danilova Алтай ботаникалық бағы, Қазақстан, Риддер
  • S. I. Abugalieva Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты, Қазақстан, Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.07

Аңдатпа

Бұл мақалада сүйсіндер тұқымдасы түрлерінің Алтай тауларының қазақстандық бөлігіндегі таралуы туралы мәліметтер келтірілген. Сүйсіндер тұқымдасының өкілдерін қазіргі таралуы мен түгендеуін одан әрі нақтылау мақсатында 1914 және 1989 жылдар арасындағы ботаникалық ұйымдардың негізгі гербарий қорлары зерттелді. Түрлердің тізімін құрастыру үшін Алтай ботаникалық бағындағы гербарий қорларының - 56 парақ, ҚР БМ Ботаника және фитоинтродукция институтының (АА) - 44 парақ және ММУ-тінің «Ноев Ковчег» (МВ) тірі жүйелер депозитарийінің цифрлық гербарийінің - 2 парақ материалдары өңделді. Гербарий материалын талдау нәтижесінде сүйсіндердің 10 туысына, 4 буынастына, 5 буынға және 3 тұқымдас тармағына жататын дарақтардың мекен-жайы анықталды. Сүйсіндердің 17 түрі үшін қосымша мекендеу орындары анықталды, олардың 6-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Түрлердің алуан түрлілігі Оңтүстік-Батыс Алтайда кездеседі. Зерттеу нәтижелері бойынша Orchidaceae тұқымдасының осал және құрып кету қаупі төнген түрлерін түгендеу мен іздестірілуіне, экспедициялық сапарлардың барлау маршрутын әзірлеуге, Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің құрылымдық географиялық бөлімдеріндегі аймақтардың құрылуына ықпал етеді.

Кілт сөздер: Orchidaceae, Қазақстан Алтайы, гербарий қорлары, түгендеу.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-08-12

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары