Сирек кездесетін эндем Lonicera iliensis Pojark. өсімдігі жапырағының анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері

Автор(и)

Ключові слова:

Lonicera iliensis Pojark., эпидерма, склеренхима, флоэма, паренхима, трихомалар, өткізгіш шоқ.

Анотація

Мақалада сирек кездесетін эндемик түр Lonicera iliensis Pojark. өсімдігінің анатомиялық-морфологиялық құрылысының ерекшеліктері берілген. Lonicera iliensis Pojark. өсімдігінің жас, орта және генеративтік дарақтары жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысын зерттеу үш популяция, тоғыз ценопопуляцияда жүргізілді. Іле ұшқатының бірінші популяциясы – Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас елді-мекеніне жақын Іле өзені жағалауынан, екінші популяциясы – Алматы облысы, Райымбек ауданы, Алғабас елді-мекеніне жақын Шелек өзені жағалауынан, үшінші популяциясы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтоғай шатқалындағы, Шарын өзені жағалауынан табылды. Іле ұшқаты популяцияларының GPS координаттары: бірінші популяция – N 44045.784/, E 076019.710/, теңіз деңгейінен биіктігі 351-398 м; екінші популяция – N 43012.079/, E 078031.412/, теңіз деңгейінен биіктігі 1216-1232 м; үшінші популяция – N 43012.959/, E 078050.576, теңіз деңгейінен биіктігі 1142-1156 м.

Lonicera iliensis Pojark. өсімдігінің әр түрлі ценопопуляцияларындағы жас, орта және генеративтік дарақтардың жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысын салыстыру нәтижесінде олардың бір-біріне ұқсастығы анықталды. Зерттелген барлық дарақтарда дорзовентральдық құрылыс және мезофиллдің көпқабаттылығы байқалды. Барлық популяциялардың үшінші ценопопуляция (№ 3, № 6 және № 9) дарақтары жалпақ жапырақ тақтасына ие. Lonicera iliensis Pojark. өсімдігінің № 5 және № 8 ценопопуляциялары орта генеративтік дарақтары жапырақ тақталарының ірі өлшемімен ерекшеленді. Сонымен қатар, № 5 және № 8 ценопопуляциялардың дарақтарында ксероморфтық ұйымдасу белгілері анықталды.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер аз зерттелген Lonicera iliensis өсімдігі туралы биологиялық мәліметтерді толықтырады.

Опубліковано

2016-06-27

Як цитувати