MALDI-TOF МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН BACTEROIDES FRAGILIS ШТАМЫНЫҢ АНТИБИОТИК РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a4

Ключові слова:

карбапенем, Bacteroides fragilis, масс-спектрометрия, ген, инфекция

Анотація

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты, жергілікті деңгейде, ауыр адамзат инфекцияларын емдеуде карбапенем тәрізді кең қолданыстағы антимикробтық препаратқа қарсы Қазақстан өңірінен бөлініп алынған Bacteroides fragilis (BFR_KZ01) клиникалық штамының сезімталдығын бағалау болып табылады. Матрицалық көмекші лазерлік десорбция ионизациялау/ ұшу уақыты масс-спектрометрия әдісін пайдала отырып, антибиотикке деген резистенттілікке жауап беретін гендерді анықтау. Bacteroides fragilis штамының антибиотик резистенттілігіне жауапты cfiA-оңға монторинг жүргізу және жаңа модулды анықтау мүмкіндігі үшін MALDI-TOF/MС масс-спектрометрия жүйесінде субтиптеу үшін бағдарламалық жасақтаманың MALDI Biotyper Subtyping Module жаңа модулі пайдаланылды.

Бактериалдық изолят Матрицалық көмекші лазерлік десорбция ионизациялау/ ұшу уақыты масс-спектрометрия MALDI-TOF MС мен 16S rRNA генің секвенирлеу әдісімен идентификацияланды. Штамының интра-абдомиалды инфекцияны емдеу үшін кең қолданылатын антибиотиктерге (ципрофлоксацин, метронидазол, меропенем, клиндамицин және тетрациклин) деген сезімталдығы анықталынды. Штамның cfiA-оң және cfiA-теріс анықтау үшін қажетті, масс-спектрлерді сараптау үшін ClinProTools 3.0.22 бағдарламалық жасақтама қолданылды. MALDI-TOF MС нәтижесі бойынша клиникалық BFR_KZ01 штамды меропенемге деген фенотиптік сезімталдығына (орташа МИК шамасы – 1,3 мг/л) қарамастан, II топқа (cfiA-оң) жатқызды. Зерттеу нәтижесінде BFR_KZ01 штамы cfiA, nimB, tetQ және gyrA гендеріне ие болуының арқасында метронидазол, тетрациклин мен ципрофлоксацин тәрізді көптеген антибиотикке резистентті екені дәлелденді.

Біографії авторів

  • автор Д.С. Баянбек, афіліація Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

    Баянбек  Дина Сериковна – PhD студент, ғылыми қызметкер, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»; «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, aubakirova.dina28@gmail.com)

  • автор Е.В. Жолдыбаева, афіліація Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

    Жолдыбаева Елена Витальевна – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, зертхана меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, zholdybayeva@biocenter.kz)

  • автор С.С. Қожахметова , афіліація Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

    Қожахметова Сания Саттыбаева – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, аға ғылыми қызметкер,  «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, kozhakhmetova@biocenter.kz)

  • автор П.В. Тарлыков , афіліація Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

    Тарлыков Павел Викторович – PhD, зертхана меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, tarlykov@biocenter.kz)

  • автор А. Бекбаева , афіліація Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақстан, Астана

    Бекбаева Аяжан – магистр, кіші ғылыми қызметкер, «Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана, Қазақстан, aika_bekbaeva@mail.ru)

Завантаження

Опубліковано

2024-12-20

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають