Ақтөбе облысындағы сирек түр Anthemis trotzkiana Claus популяциялары кездесетін өсімдіктер қауымдарының флоралық құрамы

Автор(и)

  • K. S. Izbastina әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. S. Kurmanbayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. A. Bazargaliyeva Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.
  • N. S. Yerezhepova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. R. Aldibekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1311

Ключові слова:

Anthemis trotzkiana Claus, популяция

Анотація

Сирек кездесетін, эндем және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтау аса өзекті мәселелердің бірі. Жұмыстың негізгі мақсаты Ақтөбе облысында сирек кездесетін түр Anthemis trotzkiana Claus (Asteraceae) популяцияларын зерттеу болып табылады. Жұмыста Ақтөбе облысындағы Anthemis trotzkiana Claus популяцияларының қазіргі жағдайына баға берілді. Облыс аумағында Anthemis trotzkiana Claus өсімдігінің 3 популяциясының (Ақшатау, Бестау, Ишқарағантау) географиялық орны айқындалып, осы 3 популяция деңгейінде 9 ценопопуляцияға сипаттама берілді. Өсімдіктер қауымдарының флоралық құрамының толық тізімі келтіріліп, 18 тұқымдас, 36 туысқа жататын 40 түр анықталды. Бірінші популяция аумағынан 12 тұқымдастың 19 туысына жататын 20 түр және екінші популяция аумағынан 12 тұқымдастың 18 туысын құрайтын 19 түр анықталды. Үшінші популяция табылған учаскенің флоралық құрамынан 13 тұқымдастың 19 туысының 21 түрі табылды. 8 түр (Allium globosum Bieb. ex Redoute., Gypsophila diffusa Fisch. & C.A.Mey. ex Rupr., Zygophyllum macropterum C. A. Mey. = Z. pinnatum, Trinia hispida Hoffm., Linaria cretacea Fisch. ex Spreng., Anthemis trotzkiana Claus, Artemisia salsoloides Willd., Centaurea sibirica L.) үш популяция аумағында да кездеседі. Зерттелген аймақтарда Asteraceae тұқымдасының түрлері доминант болып табылады. Алғаш рет бірінші популяция (Ақшатау) территориясынан Limonium cretaceum Tscherkasova өсімдігінің және үшінші популяция территориясынан (Ишқарғантау) Pimpinella titanophila Woronow. = P. tragium өсімдігінің географиялық орны анықталды. Аталған өсімдіктер Ақтөбе облысының флоралық құрамында бұрын тіркелмеген.

Завантаження

Опубліковано

2018-07-06

Як цитувати

Ақтөбе облысындағы сирек түр Anthemis trotzkiana Claus популяциялары кездесетін өсімдіктер қауымдарының флоралық құрамы. (2018). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 74(1), 4-19. https://doi.org/10.26577/eb-2018-1-1311

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають