НЕЙРОНДАРДЫҢ ЭПИЛЕПТИФОРМДЫ ЭЛЕКТРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ КАЛЬЦИЙ ИОНДАРЫМЕН РЕТТЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Автор(и)

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb.2024.v101.i4.a12

Ключові слова:

нейрондар, гиппокамп, эпилептиформды белсенділік, әрекет потенциалы, пароксизмальді деполяризациялық ығысу, кальций иондары, жасушаішілік Ca2 -буфері

Анотація

Мақалада нейрондардың эпилептиформдық белсенділігін реттеудегі Ca2 + рөлін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жұмыс нейронның электрлік белсенділігін бір уақытта тіркеуге және кальций иондарының концентрациясының өзгеруін оптикалық әдіспен өлшеуге мүмкіндік беретін бірегей қондырғыда жүргізілді. Са2+ иондарының эпилептиформды белсенділік параметрлеріне әсер ету механизмдерін ашу осы күрделі процесті басқарудағы маңызды қадам болып табылады және гиперқозуды фармакологиялық түзетудің жаңа жолдарын ашады. Зерттеудің мақсаты: нейрондардың эпилептиформдық белсенділігін реттеудегі Ca2+ иондарының рөлін зерттеу. Зерттеу нәтижесінде жасушаішілік кальций буферінің (ВАРТА) көмегімен баяу деполяризация амплитудасының, пароксизмальді деполяризациялық ығысу (ПДЫ) кластерінің ұзақтығы мен әртүрлі типті нейрондардың әрекет потенциалдары (ӘП) амплитудасының цитоплазмадағы Са2+ иондарының концентрациясына тәуелділігі анықталды. Жасушаішілік Са2+ буферінің жинақталуына байланысты эпилептиформдық белсенділік кезінде Са2+ импульстарының амплитудасының төмендеуі нейрондардың әр түріне түрліше әсер ететіні белгілі болды. Тежегіш (ГАМҚергикалық) нейронында кластердің амплитудасы әрекет потенциалдар жиынының ұзақтығын өзгертпестен төмендейді, ал қоздырғыш (глутаматергиялық) нейронда кластердің ұзақтығы амплитудасын өзгертпестен төмендейді. Кластердің деполяризация импульсі бірінші жағдайда Са2+ концентрациясына тәуелді емес, ал екінші жағдайда (Са2+-тәуелді деполяризациялық арнаның ашылуының арқасында) Са2+-тәуелді процесс әсерінен болады. Осылайша, берілген жұмыста алғаш рет глутаматергиялық және ГАМКергиялық нейрондардағы жасушаішілік жылдам Са2+ буферінің әсер етуінің әртүрлі механизмдері көрсетілді, бұл эпилептикалық ми қызметін реттеудің Са2+-тәуелді механизмдерін түсінуде маңызды қадам болып табылады.

Біографії авторів

  • автор С.Т. Тулеуханов, афіліація "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

    Тулеуханов С. – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: Sultan.Tuleuhanov@kaznu.kz)

  • автор В.П. Зинченко, афіліація РҒА ПБЗҒО ФЗО "Ресей Ғылым академиясының Жасуша биофизикасы институты" ФМБҒМ, Ресей Федерациясы, Пущино қ.

    Зинченко В.П. – биология ғылымдарының докторы, профессор, РҒА ПБЗҒО ФЗО "Ресей Ғылым академиясының Жасуша биофизикасы институты" ФМБҒМ Жасушаішілік сигнализация зертханасының меңгерушісі (Пущино қ., Ресей Федерациясы, e-mail: vpz@mail.ru)

  • автор Б.Қ. Қайрат, афіліація "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ, Қазақстан, Алматы қ.

    Қайрат Б.Қ. – Ph.D. докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: Bakytzhan.Kairat@kaznu.kz)

  • автор A.M. Малибаева , афіліація "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

    Малибаева А.Е. – Ph.D. докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: Arailym.Malibayeva@kaznu.kz)

  • автор Г.А. Тусупбекова , афіліація "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

    Тусупбекова Г.А. – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: Gulmira.Tussupbekova@kaznu.kz)

  • автор Ж.К. Кенжеева , афіліація "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

    Кенжеева Ж.К. – Ph.D., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы, e-mail: Zhanar.Kenzheyeva@kaznu.edu.kz)

Завантаження

Опубліковано

2024-12-20

Номер

Розділ

ФИЗИОЛОГИЯ ЧЕЛОВЕКА И ЖИВОТНЫХ

Як цитувати

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають