Күріш қауызының негізіндегі сорбенттердің детоксикациялық әлуетіне баға беру
Ключові слова:
heavy metals, rice husk, peroxidationАнотація
Ауыр металлдар ағзаның күйіне теріс әсер көрсететін ластаушы заттардың бір тобы болып есептеледі. Қорғасын химиялық өнеркәсіпте сыр бояуларды, пластмасса жасау барысында, косметикалық заттардың құрамына қосылады, сол себептен қорғасын иондарының ағзаға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Қорғасын қосылыстары уыттылығы жоғары, токсикалық әсері бойынша сынап, мышьяк, бенз(а)пирен сияқты қосылыстармен тең түседі. Қорғасынның уытты әсерінің механизмі клеткадағы биомолекулалардың бос радикалды тотығу процестерінің белсендіріліп, антиоксиданттық ферменттердің инактивациясымен түсіндіруге болады. Демек, ағзаның интоксикацияға ұшырау қаупінің алдын алу үшін тотығудың тізбекті реакциясына қатысатын агресивті радикалдардың түзілу қарқындылығын тежейтін мүмкіндікті қарастыру қажет. Ол үшін бүгінгі таңда липопероксидация өнімдерінің концентрациясын төмендетуге қабілетті заттардың бар екендігі белгілі. Асқын тотығу процестерін тежеу мақсатында бос радикалды тотығу үрдістерін іске қосуға қабілетті болып келетін ксенобиотиктерді хелаттау және сорбциялау әдістерін пайдалануға болады. Біздің зерттеулерде күріш қауызының негізіндегі сорбенттердің клеткалар мембранасындағы асқын тотығу процестерін тежеу тұрғысында қарастырылып отырған детоксикациялық әлеуеті бағаланды. Тәжірибелер in vivo жағдайында жүргізілді. Лаборатория жануарларын қорғасын тұздарымен ұзақ мерзімді уланндыру барысында күріш қауызының негізіндегі препараттарды күнделікті тағам рационына қосып берілді. Тәжірибелер көрсеткендей, рационға күрішқауызының негізіндегі сорбенттерді қосу арқылы ұзақмерзімді улану кезінде туындайтын токсикалық ауыртпашылықты едәуір дәрежеде төмендетуге болады. Оның дәлелі тотығу стресінің көрсеткіштері болатын асқын тотықтық өнімдер мөлшерінің азаюы. Жасалған зерттеулерде ұсақталған карбонизация үрдісінен өткен күріш қауызы басқа түрлерімен салыстырғанда жоғары детоксикациялық қасиетке ие болатыны анықталды; гепатоциттердегі асқын тотығу процестерінің қарқыны және антиоксидантты ферменттердің белсенділігі уландырылған жануарларда бақылау көрсеткіштеріне шамалас болды. Сонымен алынған нәтижелердің негізінде карбонизацияланған күріш қауызынан жасалған сорбенттерді пайдалану детоксикациялық терапияда және ауыр металлдармен уланудың алдын алу жолдарын іздестіруде жоғары перспективті бағыт болатыны жайлы қорытынды түюге болады.








