Шығыс Қазақстанда кездесетін Rhodiola rosea L. дәрілік өсімдігінің анатомиялық құрылымы ерекшеліктері

Автор(и)

  • M. Zh. Zhumagul әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Қазақстан, Алматы http://orcid.org/0000-0002-9467-1483 (неавтентифікований)
  • А. А. Kurmantayeva Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Қазақстан, Алматы
  • М. Hohn Сент-Иштван университеті, Будапешт, Венгрия

Ключові слова:

Rhodiola rosea L., морфология, тамыр, анатомия, ксилема, флоэма.

Анотація

Бұл мақалада жасаңшөптер тұқымдасы Crassulaceae DC. семізот  туысына   Rhodiola  L. жататын көп жылдық, екі үйлі, өте бағалы дәрілік қызғылт семізот R.rosea L. өсімдігінің анатомиялық құрылымын  зерттеу барысында алынғандиагностикалық белгілері берілген. Болашақта флора әлемініңжекелеген түрлерінің генетикалық қорын жойылудан сақтап қалу үшін құнды дәрілік өсімдіктердің бірі - Rhodiola  roseaL.-ні қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері өзекті. Қызғылт семізот өсімдігі алтын тамыр атымен кеңінен таралған, жылтыр сары алтын түстес тамыры халық медицинасында ертеден маңызды. Ерекше химиялық құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясында ресми мақала тіркелмегендіктен, ең алдымен елімізде өсетін R. rosea L. өсімдігінің  анатомиялық ерекшелігін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу негізінде қызғылт семізоты өсімдігінің жапырағы, сабағы  және тамырсабағының көлденең кесіндесінен анатомиялық құрылысы анықталды, жапырақ эпидермисінде моторлы клеткалар, сабақта танниндердің таралып, шоғырлануы, тамырсабағындаритидом кездесті, өзек паренхимасында көп мөлшерде крахмалдық криссталлдардың орналасу орны белгіленді.Rhodiola  rosea L. өсімдігінде жинақталған биологиялық белсенді заттардың орналасуын анықтау барысында, алғаш рет идиобластарда илік заттар орналасқан орны айқындалды.

Завантаження

Опубліковано

2021-01-31