Шар нуур көлінен токсин түзуші цианобактериялардың жаңа дақылдарын бөліп алу және идентификациялау

Автор(и)

  • K. Bolatkhan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • J. Kopecky Микробиология Институты, Чехия, Требон қ.
  • K. Zh. Zhambakin Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясыинституты, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. A. Los К.А. Тимирязев атындағы Өсімдіктер физиологиясы институты, Ресей, Мәскеу қ.
  • M. A. Sinetova К.А. Тимирязев атындағы Өсімдіктер физиологиясы институты, Ресей, Мәскеу қ.
  • N. R. Akmukhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. K. Sadvakasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • B. K. Zayadan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ключові слова:

цианобактерия, бактериологиялық таза дақыл, морфология, токсиндар, идентификация, штамм Desertifilum sp.1

Анотація

Мақалада Моңғолияның Баян Өлгей аймағында орналасқан Шар Нуур (Сары көл) көлінің альгофлора құрамы зерттелді. Зерттелген су үлгілерінен Oscillatoriaceae және Nostocaceae тұқымдасының 3 бактериологиялық таза дақыл бөлініп алынды. Н.С. Строганов жүйесі бойынша бөлініп алынған дақылдардың токсинділігі анықталды. Тест-объект дафнияға қатынасы бойынша дақыл SP-O1 өте улы болды. Токсин түзуші дақылдың ісік жасуша HeLa тест-объектісіне қатынасын бағалау бойынша цитотоксинді белсенділік көрсетті. SP-O1 штамының экстрактісін зерттеу нәтижесі бойынша қауіпті токсиндер анықталған жоқ. Идентификацияланған токсиндер негізінен микроцистиндерге қарайды. Шар Нуур көлінен бөлініп алынған цианобактерия SP-O1 дақылы ботаникалық белгілері бойынша Oscillatoria туысына жатқызылғанмен, генетикалық сараптама бойынша олар Oscillatoriaceae тұқымдасының Desertifilum туысына жоғары гомологияны көрсетті. Осы мәліметтерге негізделе отырып SP-O1 дақылы идентификацияланып Desertifilum sp.1. деген атау берілді.

Завантаження

Опубліковано

2018-01-04

Як цитувати

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають

1 2 3 > >>