Бірлесіп өскен Chlorella биомассасының биологиялық белсенді қоспа ретінде микроорганизмдер клеткаларының өсуіне әсерін зерттеу
Ключові слова:
микробалдырлар, хлорелла, энтеробактериялар, бифидобактериялар, каротиноидтар, биологиялық белсенді қоспа.Анотація
Бұл мақалада микробалдыр Chlorella sp. К-1 және Ch. pyrenoidosa С-2 штамдарының дара және олардың бірлесіп өскен дақылдарының құрғақ биомассаларының өнімділігін анықтадық. Тәжірибедегі зерттеулер нәтижесінде бірлесіп өскен микробалдырлар биомассаларының жалпы белок көрсеткіштері және пигменттерінің (каротиноидтар, хлорофилл а және в) мөлшері жоғары көрсеткіште болатыны белгіленді.
Зерттеу барысында өнімділігі жағынан жоғары көрсеткіште болған бірлесіп өскен микробалдыр штамдарының биомассасын биологиялық белсенді қоспа ретінде кейбір микроорганизмдердің (энтеробактериялар және бифидобактериялар) ортасына қосу мүмкіншіліктері қарастырылды. Нәтижесінде бақылауға қарағанда, бірлесіп өскен микробалдырдың биомассасы қосылған ортадағы Escherichia сoli және Enterobacter aerogenes клеткаларының өсуі қарқыны 32,6% және 36,4%-ға, ал Proteus mirabilis және Shigella flexneri клеткаларының өсу көрсеткіштері 43,0% және 47,0%-ға жоғарлағаны анықталды. Сондай-ақ, бұған ұқсас зерттеу жұмыстары бойынша бақылауға қарағанда бірлесіп өскен микробалдырлар биомассасы қосылған ортада өскен Bifidobacterium bifidum шт. 4 және шт. 6 штамдарының клеткаларының өсу көрсеткіштері 2 және 3 есеге, ал B. longum К-1 және К-3 штамдарының өсуі 3,5 және 4 есе жоғарлайтыны белгіленді.








