ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРІ ЛЕЙШМАНИОЗЫ: ТАРИХИ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛУ ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1083202617

Кілт сөздер:

тері лейшманиозы, Leishmania major, эпидемиология, молекулалық диагностикалық әдістер, генотиптеу әдістері, табиғи ошақтар

Аңдатпа

Тері лейшманиозы (ТЛ) – жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де өзекті болып отырған трансмиссивті паразиттік ауру. Осы мақалада Қазақстан Республикасындағы, әсіресе Түркістан және Қызылорда облыстарының эндемиялық аумақтарындағы ТЛ бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайға талдау ұсынылған. Зерттеуде ТЛ таралуы мен 2018-2025 жж. сырқаттанушылық динамикасы туралы деректер келтіріліп, табиғи ошақтардың ерекшеліктері, резервуар жануарлар мен тасымалдаушылардың рөлі, сондай-ақ қоздырғыш ареалының кеңеюіне климаттық және антропогендік факторлардың әсері қарастырылады. Елдегі ТЛ-ды ерте диагностикалаудағы қиындықтарға, дәстүрлі диагностикалық әдістердің жеткіліксіз сезімталдығына және молекулалық-генетикалық тәсілдерді енгізудің өзектілігіне ерекше назар аударылған. Шолуда ТЛ ошақтарының қалыптасу тарихына шолу, қолданыстағы эпидемиологиялық қадағалау әдістерінің тиімділігін бағалау беріліп, заманауи биомедициналық және санитариялық құралдарды пайдалана отырып кешенді мониторинг жүргізу қажеттілігі негізделеді. Эндемиялық аумақтарда ТЛ жағдайларының тұрақты тіркелуі, жаңартылған ұлттық эпидемиологиялық деректердің болмауы, табиғи ошақтардың сақталуы, дәстүрлі диагностиканың шектеулі сезімталдығы және Қазақстандағы ТЛ қоздырғыштары бойынша бірыңғай генетикалық дерекқордың жоқтығы осы мақаланың өзектілігін айқындайды. Бұл факторлар кешенді эпидемиологиялық талдау жүргізудің, ақпараттық олқылықтарды жоюдың және заманауи диагностика мен мониторинг құралдарын ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау практикасына енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Шолу PubMed/MEDLINE, Scopus және eLIBRARY.RU дерекқорларында индекстелген әдебиеттерді талдауға негізделген және соңғы онжылдықтағы жарияланымдарға басымдық берілген; онда резервуар жануарлар мен тасымалдаушылардың биологиясы, климаттық және антропогендік факторлардың әсері, қоздырғышты молекулалық сәйкестендіру мен типтеудің заманауи әдістері, сондай-ақ емдеу тактикасын таңдау мен профилактикалық іс-шараларды жоспарлау үшін түрлік диагностиканың маңызы қарастырылады. Қазақстан Республикасы бойынша 2018-2025 жж. эпидемиологиялық көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми статистикалық деректері және Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің есептік материалдары негізінде келтірілген.

Автор өмірбаяндары

  • Е.М. Рыбина, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС Алматы филиалы, Жаһангер 14 к., Алматы қ, 050054, Қазақстан

    Елена Рыбина, магистр, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Алматы қаласындағы филиалының иммунология және иммунобиотехнология зертханасының зертханашысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: elle.rybina@gmail.com).

  • А.Р. Кузьмина, Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Түркістан, Қазақстан

    Александра Кузьмина, Қазақстан Республикасы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы (Түркістан, Қазақстан, e-mail: a.kuzmina@dsm.gov.kz).

  • А.С. Машжан, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС Алматы филиалы, Жаһангер 14 к., Алматы қ, 050054, Қазақстан

    Ақжігіт Машжан – Ph.D., “Ұлттық биотехнология орталығының” Алматы филиалының молекулалық биология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: aj.akzhigit@gmail.com).

  • Е.О. Остапчук, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС Алматы филиалы, Жаһангер 14 к., Алматы қ, 050054, Қазақстан

    Екатерина Остапчук (хат-хабарға жауапты автор), PhD, қауымдастырылған профессор, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Алматы қаласындағы филиалы директорының м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: katyostapchuk@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

ШОЛУ МАҚАЛАСЫ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары