ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ АРИДТІ АУМАҚТАРЫНЫҢ ДЕГРАДАЦИЯЛЫҚ ҚАУПІН СПУТНИКТІК ИНДЕКСТЕР МЕН КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАР НЕГІЗІНДЕ КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/bb1083202615

Кілт сөздер:

Ілеауданы, жердеградациясы, NDVI, BSI, альбедо, VCI, NPP, ERA5-Land, топырақылғалдылығы, SWE, hotspot

Аңдатпа

Мақалада Алматы облысының Іле ауданы аридті аумақтарының деградациялық қаупі Sentinel-2 спутниктік индекстері, MODIS NPP өнімділік көрсеткіші және ERA5-Land климаттық-гидрологиялық айнымалылары негізінде кешенді бағаланды. Зерттеудің мақсаты 2020–2025 жж. аралығында деградация қаупінің кеңістіктік таралуын анықтау және топырақ-өсімдік жамылғысының жағдайын ылғалдану мен температуралық факторлармен байланыстыра талдау болды. Интегралдық қауіп картасы төрт нормаланған компонент бойынша құрылды: NDVI, BSI, альбедо және VCI. Қосымша ретінде 2020–2024 жж. MODIS NPP, жауын-шашын, ауа температурасы, жел жылдамдығы, қардың су эквиваленті және 0–28 см топырақ ылғалдылығы қарастырылды. Нәтижелер жоғары және өте жоғары интегралдық қауіп кластары 7318,9 км² немесе аумақтың 88,91%-ын алатынын көрсетті, ал қатаң hotspot-аймақтар 24,7 км² (0,30%) болды. Ең айқын статистикалық байланыстар NPP мен мамыр-қыркүйек жауын-шашыны арасында (r = 0,954; p = 0,0118), сондай-ақ NPP мен 0–28 см топырақ ылғалдылығы арасында (r = 0,962; p = 0,0087) анықталды. NDVI және VCI қардың су эквивалентімен оң байланыс көрсетті, ал NDVI мамыр-қыркүйек температурасына кері тәуелді болды. Манн–Уитни критерийі hotspot-аймақтарда NPP және топырақ ылғалдылығы фондық аумаққа қарағанда төмен екенін растады. Зерттеу нәтижелері деградациялық қауіп өсімдік жамылғысының әлсіреуі, ашық топырақ үлесінің артуы, беткі шағылысудың жоғарылауы және ылғал тапшылығының біріккен әсерінен қалыптасатынын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Т.Б. Аймухан, әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Аймухан Тарғын Болатұлы (коореспондент-автор) – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты (Алматы, Қазақстан, e-mail: nilkemat@gmail.com).

  • С.Т. Нуртазин, әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Нуртазин Сабыр Темиргалиевич – б.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: nurtazin.sabir@gmail.com)

  • С.А. Манкибаева, әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Манкибаева Сандугаш Аманжоловна – магистр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: sandugash.mankibaeva@kaznu.edu.kz)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОЛОГИЯ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары