Оңтүстік Қазақстанның құрамында фосфоры бар қалдықтарының микрофлорасы
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v82.i1.08Аңдатпа
Мақалада құрамында фосфоры бар қалдықтарға жасалған микробиологиялық зерттеулер нәтижелері келтірілді. Бөлініп алынған 70 изоляттың ішінде 36 изолят бактерияларға, бұл бөлініп алынған микроорганизмдердің жалпы санының 51% құрайды, 7 изолят актиномицеттерге (10%) және 3-і ашытқыларға (4%), ал 24 изолят микромицеттерге (35%) жататындығы анықталды. Микроорганизмдердің культуралды-морфологиялық, таксономиялық белгілері зерттелді. Микроорганизмдер скринингісі негізінде ең белсенді 14 штамдар іріктелді. Хемолитотрофты, ацидофильді, термофильді және микромицетты микроорганизмдердің, мысалы: AsIA Asp. niger, AsPN Aspergillus tubingensis штаммы, JOM штаммының Aspergillus terreus, AsZ и AsF- к Aspergillus flavus штаммына, NJA денитрифицирлеуші Pseudomonas stutzeri бактерияларына, MSO Methyloversatilis thermotolerans, нитрифицирлеуші Nit1 штаммы Nitrosomonas europeae, ASA и TS – Ralstonia pickettii-ге, NAO – Acinetobacter sp., ST – Alicyclobacillus tolerans (Sulfobacillus thermosulfidooxidans), NS1 – Zoogloea resiniphila, TS2 – Gallionella capsiferriformans, ThIO- Acidithiobacillus
ferrooxidans, Acidithiobacillus thiooxidans штамдары қауымдастығының құрылымын бағалау үшін қажетті полимеразды тізбекті реакция негізінде тест-жүйелерін жасау кезіндегі алынған тәжірибелік мәліметтер келтірілген.
Түйін сөздер: құрамында фосфоры бар қалдықтар, Acidithiobacillus ferrooxidans, Aspergillus niger, Nitrosomonas europeae, Gallionella capsiferriformans, Sulfobacillus thermosulfidooxidans.








