Оңтүстік өңіріндегі құрамында фосфоры бар қалдықтарының микробиологиялық анализі

Автор(и)

  • A. U. Issayeva М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан, Шымкент
  • R. Pankiewicz Познаньдағы Адам Мицкевич университеті, Польша, Познань
  • A. A. Otarbekova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан, Шымкент

DOI:

https://doi.org/10.26577/eb.2020.v84.i3.04

Анотація

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бұрынғы Шымкент фосфор зауытының техногендік қалдықтарының шламдары мен шлактарына  физико-химиялық және микробиологиялық сандық - сапалық сипаттамалар берілді. Зерттеу барысында көрсетілгендей, фосфор қалдықтарының шламдары мен шлактарының  рН – 6-7, яғни әлсіз сілтілікке ие, құрамы минералданған: SiOкварц, CaCO3 –кальцит, Fe2O3 –гематит болатыны анықталынды. Сонымен қатар, микробиологиялық зерттеу барысында анықталғандай құрамында фосфор қалдығы бар шламдар мен шлактардың аэробты микроорганизмдері айтарлықтай экожүйелер үшін экологиялық маңызды, яғни белсенді микромицеттер (5,4±0,5)×10КОЕ/г , гетеротрофтар –(3,8 ±0,3) ×104 КОЕ/г, нитрификаторлар 1 фаза – 108 КОЕ/г., азотфиксирлеуші бактериялар 90 %  өсу, актиномицеттер -105 КОЕ/г, энтеробактериялар- 107КОЕ/г.  Анаэробтар шлак сынамаларында –3,8х104 КТБ/мл, ал шлам сынамаларында -0,50х102 КТБ/мл, яғни анаэробты микроорганизмдер саны аэробтарға қарағанда төмен.

Жұмыс барысында  Қазақстанның оңтүстік өңірінде  ірі көлемде жатқан  фосфор қалдықтарының құрамынан 73 микроорганизм культуралыры бөлініп алынды, бөлініп алынған микроорганизмдер түрлері өндірістік қалдық құрамынан бағалы және сирек кездесетін микроорганизмдерді бөліп алу  технологиясын құру үшін перспективті микроорганизмдер ретінде оларды одан әрі зерттеу қазіргі таңдағы маңызды талаптардың бір бағыты болып табылады.

Түйін сөздер: микроорганизмдер, биосілтісіздеу, бактериялар, элемент

Завантаження

Опубліковано

2020-10-13

Статті цього автора (цих авторів), які найбільше читають