Legionella Pneumophila контаминациялығына алматы қаласындағы қонақ үй кешендерінің жасанды су жүйелерін зерттеу нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577//eb.2020.v83.i2.07Аңдатпа
Leqionella pneumophilla – легионеллез ауруын туғызатын бастерия қоздырғышы [лат. Leqionellesis]. Легионеллез («легионерлер ауруы»; басқа атаулары – Брэгг форт безгегі, легионелла инфекциясы, понтиак безгегі, питтсбург пневмониясы) жұқпалы ауру, ол өкпе қабынуымен немесе респираторлы аурумен, ағзаның улануы және де қызбасымен сипатталады. Жаңа мәліметтер бойынша, легионеллалардың 90%-ға жуығы Legionella pneumophila түріне тиесілі. Легионеллалардың негізгі мекен орны – қоршаған ортаның абиотикалық объектілері. Алайда легионелла салқындатқыш сұйықтықтарынан, өнеркәсіптік және тұрмыстық салқындату жүйелерінен, респираторлық терапияға арналған құрал-жабдықтардан, бойлер және себезгі қондырғыларынананықталады. Саяхатшылардың легионеллезбен ауыру жиілігі өзінің орнын өзгертпейтін адамдарға қарағанда бірталай жоғары екендігі дәлелденді.
Бұл жұмыстың негізге мақсаты Legionella pneumophila контаминациясына Алматы қаласындағы төрт қонақ үйінің жасанды су жүйелерін зерттеу болып табылады. Материал ретінде талдауға су жүйелерінің әртүрлі нысандарынан су сынамалары мен шайындылары таңдалып алынды. Үлгілердің бактериологиялық зерттеулерінен оң нәтиже алынған жоқ. Қонақ үйлердің бірінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеу барысында отыз сынаманың төртеуі оң нәтиже берді. Ыстық су жүйесінде судың температурасы жыл сайын қырық пен алпыс градус цельсий арасында екендігі анықталды. Бактериялардың өсуіне су жүйелеріндегі оптималды температура – 25-60°С.
Түйін сөздер: Legionella, легионеллёз, бактериология, молекулалық-генетикалық әдіс, ген ауданы, ПТР.








