Қытайбұршақтың коллекциялық үлгілерін анатомо-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық белгілері бойынша құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1410Аңдатпа
Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларының алуан түрлілігі үшін әртүрлі стресстерге төзімді соя сорттары қажет, ең алдымен құрғақшылыққа төзімді сорттар. Құрғақшылыққа төзімді селекцияның ең негізгі қажетті шарты құрғақшылыққа төзімділікті дұрыс бағалау болып табылады. Физиологиялық, анатомо-морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша құрғақшылыққа төзімділікті және тұқымдардың құрғақшылыққа төзімділігін бағалауды бірге қолдану кешенді бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді. Селекционерлердің мақсатты түрде фенотиптік маркерлерді пайдалануы коллекциядан бағалы қытайбұршақ генотиптерін анықтауға, өнімділігі жоғары, құрғақшылыққа төзімді әр түрлі бағыттағы будандастыру жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-дың ғылыми далалық стационарында суғарылатын және суғарылмайтын аймақта бұршаққаптың толықсу кезеңіне, ылғалдың жетіспеушілігіне, қытайбұршақтың коллекциялық үлгілерінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық, биохимиялық белгілері бойынша құрғақшылыққа төзімділігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоғарғы түктілік, жақсы дамыған саңылау аппараты, пролиннің қарқынды жиналуы, фотосистеманың кванттық шығуының жоғарғы деңгейі (QY) бойынша үлгілер бөлінген. Екі және үш фенотиптік маркерлер бойынша қуаңшылыққа төзімді 3 сорт – Гессенска, Кыэ-шуан, Комет анықталды. Құрғақшылықтан туған күйзеліс жағдайында өсімдіктердің физиологиялық жағдайын бағалау үшін заманауи флуориметрді пайдалану мүмкіндігі көрсетілген. Құрғақшылыққа төзімді ретінде бөлінген үлгілер бағалы гибридті популяцияларды құру үшін және одан әрі ҚР суғарылмайтын егіншілік жағдайына бейімделген отандық құрғақшылыққа төзімді сорттарды будандастыруда пайдаланылатын болады. Түйін сөздер: қытайбұршақ, құрғақшылыққа төзімділік, белгі, ксерморфизм, түктілік, бос пролин, саңылау, фотосистеманың кванттық шығуы.








