miRNA-дың метаболитикалық синдром ауруы кандидатты гендерінің mRNA-дың 5'UTR, CDS және 3'UTR-мен өзара әрекетінің сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/eb-2019-1-1385Аңдатпа
Метоболитикалық синдромының кең таралғандығынан оның патогензін зерттеуі ең маңыздысы болып табылады. Әлемдік молекулярлы медицинада перспективті түрде және жан-жақты карастылырылып жатқан ауруладың бірі – жүрек-қан тамыр ауруының генетикасын зерттеу. Бөлек генетикалық маркерлерді анықтау - метаболитикалық синдромның біріншілік жəне екіншілік профилактикасының оптимизациясы мен ерте диагностикасына мүмкіндік береді. Осылайша, биомаркерлер арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп қатерлерін бағалау және терапиясын жақсартуға болады. Жұмыстын мақсаты - эффективті маркерлерді табу болып табылады. miRNA-лар және кандидатты гендер mRNA-дың арасындағы өзара әрекеттесүлері MirTarget бағдарлама арқылы табылды. miRNA-мен реттелінетін метаболитикалық синдромға жауапты гендер PubMed деректер қорынан іздестірілді. ADRA2A және SCAP гендері 5'UTR-де 12 және 15 miRNAs-мен байланысады, жоғары байланысу энергиясы 144 кДж/моль және 151 кДж/моль құрайды. AR, CEBPA, IGFBP2, KL және SIRT1 гендері CDS-те, 7, 19, 11, 13 және 6 miRNAs-мен, байланысады, жоғары байланысу энергиясы -134 кДж/моль, -142 кДж/моль, -140 кДж/моль, -142 кДж/моль және 138 кДж/мольді құрайды. Бұл гендерде miRNA-мен байланысатын көптеген сайттары бар және де осы байланысу кластерлер метаболитикалық синдром диагностикасында биомаркерлер ретінде бола алады.
Кілтті сөздер: miRNA, mRNA, метаболитикалық синдром, кандидатты гендер.








