Күздік бидайдың жабайы, мәдени және интрогрессивті түрлерінің қуаңшылыққа төзімділігі
Кілт сөздер:
бидай, интрогрессивті түрлер, жабайы түрлер, қуаңшылыққа төзімділік, вегетативті биомасса, тамыр жүйесі, хлорофилл, пролин, өнімділік.Аңдатпа
Мақалада күздік бидайдың жабайы, мәдени және интрогрессивті түрлерінің қуаңшылыққа төзімділігіне арналған скрининг бойынша далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Интрогрессивті түрлер қазақстандық селекциялық күздік жұмсақ бидайды (Triticum aestivum L.) жабайы түрлермен Triticum timopheevii, Triticum militinae, Aegilops cylindrical, Aegilops triaristata сұрыптардың түраралық гибридизациясын жасау арқылы алынды. Қуаңшылыққа төзімділік өлшемі ретінде кейбір морфологиялық-физиологиялық, физиологиялық-биохимиялық және селекционды-генетикалық көрсеткіштер сынақтан өткізілді. Өсудің әр түрлі фазаларында вегетативті массаның жинақталуы бойынша Эритроспермум 350 х T.kiharae, Прогресс х T.timopheevii көш бастайтындығы анықталды. Жапырақтардағы еркін пролин құрамы бойынша селекцияда қуаңшылыққа тұрақты генотиптер анықталды: Эритроспермум 350 х T.kiharae, (қылтанақсыз 1x T.militinae) x T.militinae (интрогрессивті түрлер); T.kiharae, Ae.cylinrica (жабайы түрлер); Эритроспермум 350, Жылтыр дән 24 (сұрып). Жабайы, мәдени және интрогрессивті түрлердің тамыр жүйесінің құрылымы анықталды, өсінділер дамуының әр кезеңіндегі келешектің үлгілері белгілі болды. Өнімділік аясында қуаңшылыққа төзімділік көздері анықталды. Негізгі көрсеткіш бойынша қуаңшылыққа төзімділіктің айқын нәтижесі «1000 дәннің массасы» бойынша стандарттан жоғары 6 интрогрессивті түрлер анықталды.








