Пектолитикалық ферменттердің продуценті мицелиалы саңырауқұлақ жасушасының иммобилизациясы
Кілт сөздер:
Иммобилизденген жасушалар, мицелиалы саңырауқұлақ, биокатализатор, пектолитикалық фермент, поливинилді спирттінің криогеліАңдатпа
Ферменттерді алу және тұрақтандыруға өте тиімді қадамдар жасау, сонымен қатар, олардың экономикалық тиімділігін жоғарлатудың бірі ерімейтін тасымалдағыштарды қолданып иммобилизациялау болып табылады. Мұндай жүйелер реактор көлемінде жасушалардың жоғарғы концентрациясының пайда болуына әсер етеді, бұл культивирлеу ортасында жасушадан тыс пектиназалар жинақталуының жылдамдығын және процесс өнімділігін арттырады, сонымен қатар, реагенттерден техникалық оңай бөліну мүмкіндігіне ие, онда оны көп рет қолдануға болады және ферменттермен ластанбаған өнім алуға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт культивирлеу кезінде пектиназаларды жасушадан тыс иммобилизденген жағдайларда секретирлеуге қабілетті, Aspergillus awamori 56-2-53-85-375 мицеалиальды саңырауқұлақтар жасушалары негізінде, жоғары өнімді иммобилизденген биокатализаторлар алу үшін поливинил спиртінің криогелі жасушаларды иммолиздеу әдісінің технологиясы жасалды және тәжірибе жүзінде анықталған. Көрсетілген тасымалдағыш макросаңылаулы, тұтқыр гелді материал, ол криогенді өңдеу нәтижесінде алынады, онда мұздатудан соң салқындатқан күйде ұстағанда келтірілген полимердің сулы ерітіндіге еруі байқалады. Осылайша, поливинил спиртінің криогелі негізінде дайындалған жоғарғы белсенді иммобилизденген биокатализатор, технологиялық жүйелері бұзылмаған пектолитикалық ферменттер кешенін ұзақ және тұрақты биосинтездеумен сипатталады. Жасалған иммобилизденген биокатализатордың жинақталатын пектолитикалық белсенділігі деңгейінің қосындысы A. awamori 56-2-53-85-375 штаммы деңгейінен 3,5 есеге жоғары болады, бұл штамм иммобилизация қолданбай көп сатылы селекция нәтижесінде алынады. Осылайша, алынған пектолитикалық ферменттер тазалауды және белсенділігін арттыруды қажет етпейді, ал нативті түрде шарап жасауда қолданыладыЖүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
БИОТЕХНОЛОГИЯ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Пектолитикалық ферменттердің продуценті мицелиалы саңырауқұлақ жасушасының иммобилизациясы. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы, 66(1), 190-197. https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1174








